Бүлдіршінді зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды
Ақтөбеде тағы бір педофил сотталды. 22 жастағы Нұрдәулет Жеткерген туысының сегіз жасар қызын зорламақ болғаны үшін енді он бес жыл өмірін түрмеде өткізеді.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.08.2015
Еркебұлан Ермекбаев, Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:
- Өзінің кінәсін толығымен мойындады. Өкінді. Жәбірленуші жақ алыс тумалары болғасын кешірім берілді. Бірақ, сонымен қатар, жасаған қылмысының өте аса ауыр қылмысқа жататын ескере отырып сот жаңағыдай үкім шығарды.
Жақынының айуандық қылығынан жиіркенсе керек, үкімді тыңдауға сотталушының туыстарынан ешкім келмеді. Бұған дейінгі сот отырыстары, жәбір көрген бала қатысқандықтан, жабық қаралды. Ол кезде оқиғаның қалай болғанын оқушы жайып салған еді. Ырғыз ауданында тұратын немере ағасы үйде ешкім жоқта келіп, сегіз жастағы қызға тарпа бас салған. Кейін жеткіншек жан дауысы шығып айқайлаған соң қашып кетіпті. Анасының айтуынша, қазір оқушы түнімен шошынып, жөнді ұйықтамайды екен. Оны психологтар бақылауға алған. Ағайын арасы суымасын деп тек азғынның отбасына ғана кешірім бергендерін айтады.
Жәбірленушінің анасы:
- Ағайыным болмаған уақытта мен оны өмірлік бас бостандығынан айыруға үкім ететін едім. Мен деген ағайыным болғасын соттың шешіміне қалдырдым. Сот қалай шешеді, соған келісемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!