{metadescription}
Жаңа тәртіппен жұмыс істей бастаған қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек толастар емес
Жаңа тәртіппен жұмыс істей бастаған қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек толастар емес

Жаңа тәртіппен жұмыс істей бастаған қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек толастар емес

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ұзын-сонар кезек үлкейіп жатыр. Осымен үшінші күн жаңа тәртіппен жұмыс жүргізіліп жатқан шекарадағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Демалушылар мен кішігірім тауарларын алып өте алмай жатқан кәсіпкерлер бекетте сағаттап тұруға мәжбүр.

Бүгін таңның атысымен шекараға келіп, бірнеше сағат бойы ашық аспан астында қақпаның ашылуын күткен жұрт осылайша бекетті бұзып-жара өтуге әрекет жасады. Күннің ыстығынан кейбірі есінен танып қалған. Бірақ шекарашылар қол ұшын созуға асыға қоймапты. Жұрттың жедел жәрдем шақырту жайлы өтініштеріне құлақ аспағаны былай тұрсын, бір жұтым су беруді сұрағандарға шлангпен су шашқан. Мұндай дүрбелең кеден қызметінің шекарашыларға қажетті құрал-жабдықтарды дер кезінде өткізбегеніне байланысты болып отыр екен. Рентген құрылғысы, жүкті тексеру, тіркеу және сканерлеу аппараттары әлі күнге дейін тапсырылмапты. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде