{metadescription}
Лукашенко жексенбілік демалысын қолына күрек ұстап өткізді
Лукашенко жексенбілік демалысын қолына күрек ұстап өткізді

Лукашенко жексенбілік демалысын қолына күрек ұстап өткізді

Александр Лукашенко жексенбілік демалысын қолына күрек ұстап өткізді! Беларусь президенті өз резиденциясы маңындағы алқапта өскен көкөністерді жинап шыққан. 

 

Президентке қолқабыс жасап, оның көмекшілері мен 11 жасар кенже ұлы Николай да жүр. Ең бастысы - биылғы өнім «Дрозда» резиденциясы қожайынының көңілінен шыққандай. Шелекті қойып, қаптардың өзі тез толып жатты. Сөйтіп, 18 сотық жерден 70 қап картоп алынған. Қауын-қарбыз да молынан екен. Александр Лукашенко шыдамай сол жерде біреуінің дәмін көрді. Өнімдер қарттар және балалар үйлеріне қайырымдылық ретінде жіберілмек. Жалпы, Беларусь президентінің ара-тұра осылай шаруаға араласып тұратыны бар. Мәселен, шілде айында ол шөп шапқан еді. Тіпті шалғыны қалай ұстау керектігін Жерар Депардьеге үйретті. Француз актері Беларусьқа қонақ ретінде келген болатын. 

 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде