{metadescription}
Қостанай облысында ондаған үй ауыз сусыз отыр
Қостанай облысында ондаған үй ауыз сусыз отыр

Қостанай облысында ондаған үй ауыз сусыз отыр

Федоровка елді-мекеніндегі тұтас бір көше жарты жолда жоспардан шығып қалып, су тапшылығын тартуда.  Алғашында жергілікті әкімдік өкілдері ешбір үй тіршілік нәрінсіз қалмайды деп сендірген. Енді олар тұрғындарға көмектеспек түгілі, жалғыз су көзі болып отырған ескі құбырды да бұзбақ екен.

Бұл - Федоровка елді мекеніндегі өркениеттен жұрдай көше. Әлдекімнің қателігінен, жаңа су құбырына қатысты жоспарға мүлдем кірмей қалған. Салдарынан тұрғындар ауыз судан таршылық көріп отыр.

Байшекер Ыдырысова, Федоровка елді мекенінің тұрғыны:

- Қалай тұтас бір көше жоспардан шығып қалады?! Бұлар жұмыстарын қалай істейді!

Бұл аздай, шенеуніктер мұндағы ескі су құбырларын да бұзуды жоспарлап отыр. Осылайша, күз келсе болды, көше тұрғындары үшін жалғыз тіршілік көзі де жойылады. Қазір олар осы құбырдың суымен күнелтудк. Енді, мұны алып тастаса, жұрт тамшы суға зар болып қалмақ.

Тамара Евтушок, Федоровка елді мекенінің тұрғыны:

- Бұрын да сол құбырдан таситынбыз. Басқа көшедегі тұрғындарға жаңадан су құбыры тартылды, оларға ескісі керек емес шығар, ал бізді кім ойлайды. Біз үшін жалғыз су көзі осы құбыр. Мұны бұзып тастаса, не істерімізді білмейміз.

 

Ал Нұржамал Әлмұхамбетқызының шенеуніктерге деген өкпесі қара қазандай. Ұлы Рүстем сал ауруына шалдығып, мүлдем жүруден қалған. Жасы 18-ге келсе де, салмағы небәрі 12 келі екен. Ауру балаға күтім жасаудың өзі тым ауыр. Енді бұған су тапшылығы қосылып, жығылғанға жұдырық болып отыр.

Нұржамал Әлмұхамбетова, Федоровка елді мекенінің тұрғыны:

- Әр түнім жылаумен өтеді.  Не істеймін?! Әрі қарай қалай өмір сүремін? Енді, су мәселесі де шешімін табар емес.

Федоровка ауылының әкімімен бетпе-бет жүздесу мүмкін болмады. Бірақ тілшілер кеткеннен кейін, судан тарыққан тұрғындарды шенеуніктің өзі іздеп келіпті. Ашуға мініп, шағым айтқандарын мүлдем сусыз қалдырамын деп қорқытқан көрінеді. Ал бізге әкім телефон арқылы сыпайы жауап берді.

Қайрат Ахметов, Федоров ауданының әкімі:

- Бұл жердегі жер телімдері жоспардан шығып қалған. Қазіргі таңда, осы олқылыққа қатысты жаңа жоспар жасалып жатыр. Жақын күндері жаңа құбырдың құрылысын бастаймыз.

Ал, көшенің не себепті жоспардан шығып қалғаны туралы шенеуніктердің ешбірі тұшымды жауап бере алмады. Бастысы, тіршілік нәріне зар болған жұрттың бәріне су құбырын жүргіземіз деп сендірді.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде