{metadescription}
Петропавлда көше қиылысының біріне 5 бағдаршам қойылып, жұртты шатастыруда
Петропавлда көше қиылысының біріне 5 бағдаршам қойылып, жұртты шатастыруда

Петропавлда көше қиылысының біріне 5 бағдаршам қойылып, жұртты шатастыруда

Жұртты шатастырған бағдаршам!  Петропавлда көше қиылыстарының бірінде бес бағдаршам тұр. Бір мезетте қызыл және жасыл түстері жанатын олар жүргізушілерді де, жаяу адамдарды да әбігерге салып жатыр.

Бұл қиылысқа саңырауларға арналған дабылы бар бағдаршам қойыпты. Алайда ескісін алып тастауды ұмытып кеткен. Енді жасылы жанған бағдаршамға сенген жүргізушілердің алдында қызыл түсі жанып тұрған тағы бір бағдаршам бар. Екі белгінің қайсысына сенетінін білмеген көлік иелері  дәл қиылыста абдырап қалады екен.  Салдарынан  мұнда кептеліс пайда болып, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызуда. Жалпы, қазір шаһардағы сексенге жуық бағдаршамның барлығы да ауыстырылып жатыр. Жол сақшылары алдағы уақытта мұндай келеңсіздік болмайды деп сендірді.  

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының  аға инспекторы :

- Бұны жол белгілерін жөндейтін мекемеге айттық. Бүгін-ертең олар артық бағдаршамды ажыратып тастайтын болады. Кешелі бері жүргізушілер де шағымданып, қиылыста апат бола жаздағанын жеткізіп жатыр.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.