{metadescription}
Тараздық футболшыға тиіскен қызылордалық ойыншының басы дауға қалды
Тараздық футболшыға тиіскен қызылордалық ойыншының басы дауға қалды

Тараздық футболшыға тиіскен қызылордалық ойыншының басы дауға қалды

Қызылордалық «Қайсар» футбол командасының қорғаушысы Сергей Кейлердің басы дауға қалды. Тараздық команданың легионері Изу Азука оны қара нәсіліне қатысты кемсітті деп айыптауда. Сергейдің келемеж сөзін жанкүйерлердің қуаттай кетуі де африкалық ойыншының намысына тиген. 

Қос команда арасындағы кездесудің небәрі 25-інші минутында допқа таласқан екі ойыншы бір-бірімен ерегісіп, артынша жаппай төбелес бола жаздады. Тараздық шабуылшы Изу Азуканың сөзінше, дауға «Қайсардың» қорғаушысы Кейлердің нәсілшілдік сипатындағы балағат сөз айтуы себеп болған. Бірақ Сергей бұл тағылған айыпты жоққа шығаруда. Дегенмен шу шығарғандары үшін екі ойыншы да алаңнан қуылған. Қазір бұл іспен футбол федерациясы айналысуда. 26 жастағы нигериялық Иза Азука бұған дейін Павлодардың құрама командасында ойнаған.

Изу Азука, «Тараз» футбол командасының шабуылшысы:

- Бұл – өте ауыр, әр қара нәсілдінің жанына бататын сөз. Ол намысыма тисе де, мен өзімді ұстауға тырыстым. Негізі дұрыс болмады. Соның кесірінен ойыннан қуылдық. Мен бұл жерде енді ештеңе істей алмаймын. Шешімді қазақстан футбол федерациясы шығарады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.