{metadescription}
Қарағандының түбінде 200-ге тарта тауықтың өлексесі табылды
Қарағандының түбінде 200-ге тарта тауықтың өлексесі табылды

Қарағандының түбінде 200-ге тарта тауықтың өлексесі табылды

Қарағандының түбінде 200-ге тарта тауықтың өлексесі табылды. Ал соның жағымсыз иісінен тұншыққан тұрғындар өліп қалған құстардан қалай құтыларын білмей отыр.      

Тау боп үйілген өлі тауықтардың иісі алыстан аңқып тұр. Бұл жағдайды көріп, жағасын ұстаған жұрт үй құстарын жол жиегіне тастап кеткендерді таба алмай жатыр. Негізі, жақында ғана осындағы жалғыз құс фабрикасы асырай алмаймыз деген себеппен тауықтарын тегін таратқан еді. Сонда құстарды жапа-тармағай талап алғандардың біреуі тауықтарды үйіне жеткізбей, жарты жолда өлтіріп алған болуы да мүмкін.            

Виктор Братков, К.Маркс атындағы құс фабрикасы директорының міндетін атқарушы:

- Тауықтарды жеңіл көліктің жүк салғышына тықпалап әкетіп жатты. 40-50 шақты құс сиятын орынға 100-200 басын бірақ салып әкетті. Тауық тұншығып өледі ғой деп едім, айтқаныма құлақ аспады. Содан олар ауа жетпей өлген ғой.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.