{metadescription}
Петропавлда Путин жүреді-ау деген көшелер ғана жөнделуде
Петропавлда Путин жүреді-ау деген көшелер ғана жөнделуде

Петропавлда Путин жүреді-ау деген көшелер ғана жөнделуде

Петропавлда Ресей президентінің аяғы тиеді-ау деген көшелер ғана  жөнделіп жатыр. Шаһарда алдағы жылы шекаралас мемлекеттердің форумы өтпек. Бұл шараға қызу дайындалып жатқан атқамінерлер онсыз да жылда жөнделетін орталық көшелерді қайта жамауда. Салдарынан қалада күні бойы  ұзын- сонар кептеліс көбеюде. Ал Қызылжардың өзге көшелерінің биылдыққа тіпті шұңқырлары да тегістелмейтін түрі бар.

 Петропавлдың орталығында күні бойы қарбалас. Жиектастарды алмастырып жатқан бригаданың соңынан асфальт төсейтін көлік жүреді. Мұншама жолдың  бір мезетте жөндеуге жабылмағанына көп болыпты. Қиылыстағы жағдайды реттеуге шыққан жол сақшысы да машиналарды  өткізіп үлгермей жатыр.

Бұл орталық көшелер жылда жөнделеді. Кейбірінің шұңқырлары жамалса, өзгелері толығымен былтыр ғана асфальтталған еді. Енді биыл соның үстінен тағы жаңасы жамалып жатыр. Есесіне мына көшеге мұндай техниканың табаны тимегелі бес жыл. Шұңқырларды айналып өтпек болған көлік иелері тіпті қарсы бағытқа шығуға мәжбүр. 

Николай Давыдов, жүргізуші:

- Былтыр мына көшенің 3 шақырымын жөндеп еді, қалғанын тастады. Биыл тіпті бастайтын да түрлері жоқ. Орталық көшемен әкім жүретін шығар. Мұнда, әрине, біз сияқты базардан нәпақасын іздегендер өтеді. Кімге керекпіз дейсіз.
Қызылжарда алдағы жылы Қазақстан мен Ресейдің форумы өтеді. Биылғы жөндеу жұмыстары сол шараға дайындық дейді шенеуніктер.

Жақсылық Ақкөзов, Петропавл қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы:

 - 2016 жылы өтетін шекаралас елдердің форумыны байланысты республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді. Бұл ақша 10 көшені толық жөндеуге жетеді. Ол  жолмен  форум делегаттары жүретін болады. Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталуы тиіс. 

Таңдалып алынғандары - әуежайдан қалаға кіретін, орталық саябаққа апатарын және әкімдік маңындағы көшелер ғана. Есесіне Петропавдың өзге жолдарының биылдыққа  тіпті шұңқырлары да жамалмайтын түрі бар. Қала бюджетінен бөлінген 130 миллион теңгеге  38 шағын көшеге қиыршық  тас төселіпті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде