{metadescription}
«Астана» командасы Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» веложарысынан шеттетіліп қалды
«Астана» командасы Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» веложарысынан шеттетіліп қалды

«Астана» командасы Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» веложарысынан шеттетіліп қалды

«Астана» командасы Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» веложарысынан шеттетіліп қалды. Команда капитаны Винченцо Нибалиге «қулыққа барды» деген айып тағылып отыр. Cупер Гранд-тур көпкүндігінде «Астана» басты фавориттердің бірі еді.

Нақтыласақ, қазақ командасының ойыннан шектетілуіне болмашы ғана жайт себеп екен. Веложарыстың екінші кезеңінде Винченцо Нибали мәре сызығына 30 шақырым қалғанда алға озып шыққан еді. Бірақ дөңес жолға жеткенде спортшы қасына таяған техникалық көлікке сүйеніп жүріпті. Міне, дәл осы әркетін комиссия «қулық» деп таныған. Соның салдарынан Гранд-турдан капитанмен бірге «Астананың» тағы 7 велошабандозы шеттетіліп қалды. Нибалидің ереже бұзғанын «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров та мойындайды. Бірақ «Вуэльта Испанияның» 2006 жылғы жеңімпазы сол үшін команданы түгел шеттету орынсыз деп есептейді. Винченцо Нибали жанкүйерлерінен кешірім сұрауда. «Вуэльта-Испания» - «Джиро-д’Италия» мен «Тур де Франстан» кейнгі мәртебелі еуропалық веложарыс. Биыл оған 70 жыл толып отыр. Жарыс 13 қыркүйекте Мадридте аяқталуы тиіс.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.