{metadescription}
КТК-да жаңа жоба: «Айтылмаған ақиқат!»
КТК-да жаңа жоба: «Айтылмаған ақиқат!»

КТК-да жаңа жоба: «Айтылмаған ақиқат!»

Күзде КТК –ның  көрерменге ұсынары көп! Жаңа телемаусымда «Айтылмаған ақиқат»  бағдарламасы жарыққа шықпақ. Жанры да өзгеше. Деректі-мистикалық форматта болмақ. Нақтырақ айтсақ, қорқынышты құбылыстар, тылсым күш, сиқыр мен дуа турасында. Сондай-ақ кез-келген адам көкейіндегі сауалдарға жауап іздеп, жобаға қатысуға мүмкіндік алады. 

Жыл сайын өз қоржының тың жобалармен толықтырып келе жатқан КТК арнасы тағы бір бағдарламаны қолға алды. Көрермендердің сұрауы бойынша бұл жолы деректі, мистикалық бағытта болмақ. Яғни, тылсым күш иелерінің қасиетін сөз етеміз.

- Бақсының основной аспабы деп атаймын. Кісі емдегенде даңғырсыз болмайды.

Сондай-ақ, көрермен бақсылықтың қыр-сырын тек көгілдір экраннан ғана емес, шынайы түрде салт-жоралғыларына қатысып көре алады. Мәселен, Роза Оразбаева әруақ шақыру рәсіміне қатысқан алғашқы кейіпкеріміз.

- Бірінші рет қатысып отырмын. Бірақ бәрі жақсы болады деп сенемін.

Айта кету керек, хабардың қызықты шығуы үшін шығармашылық топ күн-түн демей қызмет етеді. Әрі көрерменге жан-жақты ақпар беруге тырысады. Мәселен, тылсым дүниеге сенбейтін мамандардың да пікірі тыс қалмаған. 

- Бақсы-балгерлерге, яки болмаса тәңіршіл деп жатыр. Қасқыр, яки болмаса тауға деп жатады. Алла жалғыз. Барлық жаратылыстың иесі ол жалғыз Алла.

Жаңа жоба қазақ тіліндегі жаңалықтардың алдында шығады. 25 минут бойы экраннан тапжылмай көруге тұрарлық бағдарламаны жасауға түсірілім тобы бар күшін салды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде