{metadescription}
Мүгедек әпкесі үшін сәби ұрламақ болған студент 7 жылға сотталды
Мүгедек әпкесі үшін сәби ұрламақ болған студент 7 жылға сотталды

Мүгедек әпкесі үшін сәби ұрламақ болған студент 7 жылға сотталды

Ақтөбеде мүгедек әпкесі үшін сәби ұрламақ болған студент сотталды. 19 жастағы Азамат Шәріпов енді жеті жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.

- ҚР  қылмыстық Кодексінің 125 бабы 2 бөлігі 5 тармағы бойынша Шәріпов 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сотталушы осыдан екі ай бұрын көшеде немересін серуендетіп жүрген зейнеткерді ұрып жығып, қолындағы баланы тартып алған. Ол бөбекті әпкесінің өлдіге санаған баласы деп ойлапты. Себебі арбаға таңылған бауырына  белгісіз біреу хабарласып баласын перзентханада ауыстырып жібергенін айтқан. Тіпті мекен-жайды да көрсетіпті. Мұны естіген ол істің байыбына бармай тұра жүгірген. Сол мекен-жайы көрсетілген үйдегі сәбиді әкетпек болған. Енді осы ісі үшін жазалы болып отыр. Ұрлаған баладан ДНК сараптамасын алып, әпкесінің сәбиі емес екені дәлелденді. Десе де, сотталушының туыстары өзгенің баласына жармасып қояр емес. 

- Это ребенок наш. Докажу. Америка шақыртам, Россия шақыртам. Ребенок наш. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде