{metadescription}
«Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады
«Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады

«Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады

Ұтып тұрып жеңілді! Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне таяқ тастам жерден сүрінді. Сөйтіп, көптен күткен сенсация болмай қалды. Есесіне, қарсыластары – «Бордоны» 2:1 есебімен ұтқан сүйікті командасына жанкүйерлер дән риза.

Француздардың «Бордосын» «Қайрат» жанкүйерлері тағатсыздықпен күткен еді. Көптен күткен матчқа халық көп жиналғаны сонша, 23 мыңнан астам орын алматылықтарға жетпей қалды. Ойын басталып кетсе де, қақпадан ентелей кіріп жатқандар тоқтаған жоқ. «Қайраттықтар» содан күш алған болуы керек, алғашқы минутта-ақ гол салды.

Өз ойыншысы өз қақпасына гол соққан француздар жаппай шабуылға көшіп, қауіпті сәттермен біздің команданы есеңгіретіп жатқан. Бірақ Исламбектің тепкен добы торда тулайды деген ешкімнің ойында жоқ еді. 

-Қазір ғана «Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Исламбек Қуат өзінің керемет голын соғып, «Қайраттың» ойындағы есебін еселей түсті. Бұл жалпы қорытындыдағы «Қайраттың» шынымен де жеңісі болуы мүмкін. Әзірге өздерінің сүйікті командаларының атын шырқаған «Қайраттың» жанкүйерлері бар жанын салып, жан пида етіп, жанкүйерлік танытуда. Стадиондағы жағдайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Осыдан кейін бүкіл жанкүйер топтық кезеңге өтеміз-ау деген үмітпен бір желпініп қалған еді. Алайда «Бордо» ойыншысы Кривеллидің алдамшы соққысы бәрін тас-талқан етті. Қақпамызға енген гол бүкіл стадионды күңірентіп жіберді.

Жасыл алаңда 95 минут бойы атой салған сары жейделілер ақыры жеңісті уыстан шығармады. Бірақ, келесі кезеңге өту үшін бұл жеткіліксіз. Дегенмен, бас бапкер ойынның көңілінен шыққанын жасырмады.

Владимир Вайс, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері:

Ойыншыларға ешқандай өкпем жоқ. Сіздер нағыз ғажайып футболды көрдіңіздер. Ал біз мықты клубқа қарсы барымызды салып ойнадық. Кейде өмірдегі сияқты, футболда да жол болмай жатады.

«Қайраттың» мыңдаған жанкүйері осы ойыннан кейін ұтып тұрып жеңілудің не екенін сезінді. Не күлерін, не жыларын білмейді. Бір қуаныш, бір қайғы.

- Ұтып жатып бір голды өткізбегенде өтуші едік. Групповой топқа өтуші едік. Қайрат - чемпион! Өкінішті-ақ, бәрібір де Қайрат Бордоны жеңді. Оның өзі үлкен жеңіс. Көп рахмет Қайратқа. Қайрат – чемпион. Қайрат - чемпион! Қайрат - чемпион!

Енді алматылықтар үшін Еуролига ойындарында «Астанаға» болысу ғана қалды. Бір айта кетерлігі, франциялық клубтың бүкіл ойыншысы өз академиясының түлектері екен. Ал құраманың тоқсан пайызы легионерден тұратын «Қайрат» екі жыл бұрынғы «Шахтердің» жетістігін қайталай алмады. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде