{metadescription}
«Әйел-қырық шырақты» телехикаясы көрермендерге жол тартты
«Әйел-қырық шырақты» телехикаясы көрермендерге жол тартты

«Әйел-қырық шырақты» телехикаясы көрермендерге жол тартты

КТК кезекті жаңа жобасын ұсынады! «Әйел-қырық шырақты» телехикаясы бүгіннен бастап көрермендерге жол тартты. Деректі драма жанрында түсірілген жобада нәзік жандардың басынан өтетін түрлі жағдайлар баяндалады.

- Біз бір отбасымыз. Бәрін бірге жеңеміз. Бірақ, енді маған уәде берші. Мұның бәрін қоямын деп. Тастаймын деп. Өтінемін.

- Бұдан кейін, ақша тауып жұмыс істеймін. Керек десең, екі жұмысты қатар істеймін.

Бағдарламаның алғашқы бөлімі бүгін көрсетілген. Ал ертеңші шығарылымында студенттің алып шаһарға келіп, бастан өткерген түрлі қиындықтары туралы айтылады. Яғни мұнда туысқандық қарым-қатынас, шынайы махаббат және сатқындық жайында баяндалады. Шығармашылық топ тың жобаның үздік шығарына сенімді. Бір айта кетерлігі, жаңа бағдарлама тек өмірде болған жайттарды бейнелейді. Себебі, ол қыз-келіншектер жазып жіберген оқиғалар желісімен түсірілген. «Әйел қырық шырақты» бағдарламасын әр бейсенбі және жұма күндері сағат 19:30-да КТК арнасынан көре аласыздар. Ал өткізіп алғандар үшін 18:30-да қайталанады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.