{metadescription}
Семей іргесіндегі ауыл 20 жылдан бері жарыққа жарымай отыр
Семей іргесіндегі ауыл 20 жылдан бері жарыққа жарымай отыр

Семей іргесіндегі ауыл 20 жылдан бері жарыққа жарымай отыр

Семейдің іргесіндегі Балта-Тарақ ауылы 20 жылдан бері жарыққа жарымай отыр. Осыншама уақыттан бері ауылдықтар бұл мәселені айтып, талай табалдырықты тоздырыпты. Алайда 21-ші ғасырда отырып өркениет ырзығынан қағылған жұрттың жанайқайына құлақ асқан жан жоқ. Ал жергілікті атқамінерлер электр қуатымен қамтуға қаражат қолбайлау болып келгенін айтып ақталды.

Қаладан не бәрі 24 шақырымда орналасқан Балта-Тарақ ауылынан бақ ұшқалы қашан. 20 түтіні болғанымен, күтімі жоқ ауыл 20 жылдан бері жарықсыз отыр. Қара түнекті паналаған жұрттың күнкөрісі майшам мен моторға тәуелді.

Бүгінде әр үйде генератор тұр. Жанармаймен істейтін құрылғы ескі болғандықтан жиі істен шығады.

Саят Әміров, Балта-Тарақ ауылының тұрғыны:

- Мұның қазір саймандары жоқ. Біреуден аласың. Жаңағыдай шашылып жатыр. Ал, қаладан іздеп табасың. Тапқанның өзінде әр жерден аласың.

Тоқ болмаған соң, кейбір тұрғындардың үйінде тоңазытқыш та жоқ. Сондықтан ысырап қылмау үшін ас дайындауға қажет азық-түлігін күн сайын сатып алады.

Елназ Балғабекова, Балта-Тарақ ауылының тұрғыны:

- Сақтай алмаймыз. Жартылап алып қаламыз. Жартылай қаладағы балалардың үйіне тоңазытқышқа апарып тастаймыз. Сол жақтан тасып жеп отырамыз.

Бақыт Жүнісова, Балта-Тарақ ауылының тұрғыны:

- Жиған-тергеніміз жаздың күні сасуға айналды. Ал, қыстың күні сағат алтыда үйге кіріп аламыз. Түк көрмей қараңғыда қамалып отырамыз.

Елді мекен ауыл деген атауынан Кеңес одағы тарағаннан кейін айырылған. Адам саны толмағандықтан, ресми түрде қыстақ қатарына енгізіліпті. Сол себепті ауылды көркейтуге бағытталған ешбір бағдарлама қатарына енбей отырған көрінеді.

Бақытжан Нұғманов, Озерка ауылдық аймағының әкімі:

- Знаменка елді-мекенінен тарту үшін 25 шақырымдай сым тарту керек. Ол көбірек ақша. 60 млн ақша. Техникалық құжатты әзірлеуге өтініш бердік. Ол енді 2017 жылға қалып отыр.

Енді әкімдік жергілікті қазынаның шамасы жетпегендіктен, Балта-Тарақты «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасына кіргізуді көздеп отыр. Сондықтан жарыққа зәру тұрғындардың әлі бірталай жыл майшаммен отыратын түрлері бар. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.