{metadescription}
Атырауда бірнеше адамды жұмысқа тұрғызамын деп алдап кеткен алаяқ сотталды
Атырауда бірнеше адамды жұмысқа тұрғызамын деп алдап кеткен алаяқ сотталды

Атырауда бірнеше адамды жұмысқа тұрғызамын деп алдап кеткен алаяқ сотталды

Атырауда жиырма шақты адамды жұмысқа орналастырамын деп алдап, қалталарын қаққан алаяқ сотталды. 26 жастағы Асылбек Жұбанов аңғал жұрттың қаржысын жымқыруда жаңа айла ойлап тапқан.

Ол көшеде такси тоқтатып, жүргізушінің жұмыссыз екенін білген соң қызметке орналастыруға ұсыныс жасайды. Содан соң қаладағы беделді мұнай компанияларының кеңселеріне «келісім жасау» үшін кіріп шығып, өзін күтіп отырған жүргізушілерден 30 000 мен 150 000 теңге арасында ақша алып, ізін суытып отырған. Осылайша 20-ға жуық атыраулықты сан соқтырыпты. Жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Ол бұрын да алаяқтық бабы бойынша сотты болып, шартты түрде жазаға кесілген екен. Енді тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі де тәркіленбекші. Және Жұбанов зардап шеккендерге ақшаларын қайтарып беруі тиіс.

Серік Жаңабаев, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

- Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан базарларда арнайы орындарда ұялы телефон, ватсап арқылы жақсы қызмет көрсететіндігін айтып, 80-90 000-100 000-ға шейін ақша алған. Және ұялы телефондарды иеленіп кету фактілері орын алған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.