{metadescription}
Еліміздің әр азаматына медициналық сақтандыру жасалмақ
Еліміздің әр азаматына медициналық сақтандыру жасалмақ

Еліміздің әр азаматына медициналық сақтандыру жасалмақ

Еліміздің әрбір азаматына енді міндетті түрде медициналық сақтандыру жасалмақ. Бүгін мәжілісте осыған қатысты жаңа заң жобасы қаралды. Оны халық қалаулыларына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова түсіндіріп берді.

Құжатқа сай енді еліміздің әрбір азаматы өзіне міндетті түрде әлеуметтік медициналық сақтандыру жасауы керек. Ол үшін жұмыс беруші қол астындағы қызметкеріне зейнетақымен қоса, осы сақтандыруға жалақысының 5 пайызын аударып отыруы тиіс. Егер кімде-кім медициналық жәрдемге мұқтаж болып жатса, қиындықсыз емделе алады. Ал жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы аналар мен зейнеткерлер үшін сақтандыруды мемлекет өзі төлейтін болады. Десе де жаңа заң жобасы 2017 жылдан іске аса бастамақ.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Бірақ сақтандыру барлық жағдайда жұмыс істей бермейді. Тек шұғыл жағдайда ғана жарамды. Жедел жәрдем мен санитарлық авиацияның көмегіне жүгінуге, жеңіл-желпі ауруларды емдетіп, екпе салдыртуға болады.Кейін бірте-бірте қызмет түрлерін арттырамыз. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.