{metadescription}
Павлодарда сусыз, жылусыз қалудың алдында тұрған жұрт кімнен көмек сұрарын білмейді
Павлодарда сусыз, жылусыз қалудың алдында тұрған жұрт кімнен көмек сұрарын білмейді

Павлодарда сусыз, жылусыз қалудың алдында тұрған жұрт кімнен көмек сұрарын білмейді

Павлодар облысында сусыз, жылусыз қалудың алдында тұрған жұрт Ақордадан көмек сұрап отыр. Баянауыл ауданындағы Майқайың кентінің коммуналдық жүйесі осы күнге дейін жергілікті алтын комбинатының инфрақұрылымына қосылып тұрған еді. Алайда кәсіпорын ауылдықтарға бұдан былай мұндай қызмет көрсете алмайтынын мәлімдеген. Ал аудан, тіпті облыс басшыларынан қайыр жоқ.

Он мыңға жуық тұрғыны бар Майқайың кентін 80 жылдан бері алтын комбинаты су және жылумен қамтып келеді.Биыл өндіріс қарқыны күрт бәсеңдеген кәсіпорын ауылдықтарға бұдан былай коммуналдық қызмет көрсете алмайтынын мәлімдеген. Жылу маусымына 1-ақ ай қалған кезде жұрт кімнен көмек сұрарларын білмей дал.

Райхан Әйтімбаева – Майқайың кентіндегі көп балалы аналардың бірі. Ол енді ауыл орталық жылу жүйесінен ажыратылады дегенді естіп, шиеттей бүлдіршіндерін қыстан қалай шығарарын білмей бас қатыруда.

Райхан Әйтімбетова, Майқайың кентінің тұрғыны:

- Мен бес баланың анасымын. Ең кішкентай балам бір жаста. Мында отопления болмаса, біз мұнда жаурап, тонып қаламыз.

Он мыңға жуық халқы бар елді мекеннің тоқсан пайызын сумен, сексен пайызын жылумен қамтып келген алтын комбинаты биыл бұған қауқарсыз екенін сәуір айында мәлімдеген. Мәселенің жаз бойы шешілмегенін айтып шағымданған жұрт осыдан 18 жыл бұрын болған оқиға тағы қайталана ма деп қорқады.

Мұхтар Әбенов, Майқайың кентінің тұрғыны:

- 97 жылы біз әрбір үйге өзіміз пеш жағып, мына көп қабатты үйлерді бар халық суды сатып алып, жылу да болмай Майқайыңның елу пайыз халқы көшіп кетті.

Қойнауы алтынға толы елді-мекендегі екі мектеп пен балабақша да коммуналдық қызметтен қағылуы мүмкін. Былтыр ғана салынған мына жаңа білім ошағының өзінде қазір 700-ден аса бала білім алуда.

Аянгүл Ботаева, Майқайың кенті орта мектебі директорының міндетін атқарушы:

- Қып-қызыл ақшаға салынған үлкен ғимарат ертеңгі күні жылу жүйесі тоқтатылған жағдайда мынау бүгінгі оқып жатқан оқушыларымыз ертең далада қалады деген қауіп бар.

Әлбетте, бұл жағдайдан кент әкімі де құлағдар. Алтын комбинатының мұндай шешімге аяқ асты келуін шенеунік кәсіпорынның қарызға белшеден батуымен байланыстырды.

Орда Ермекбаев, Майқайың кентінің әкімі:

- Бұлар суға 30 миллион, электр энергиясына 25 миллион должен.Сол келді дағы ана қаржылай долгтары бар фабриканың светін сөндіріп тастады да бұл кісілер отказ берді. Су,жылу құбырын осындағы жергілікті кәсіпкер «Ерболат плюс Д» деген фимаға береміз деген мәселемен келісіп жатырмыз,бірақ оған халықтың көңілі толмай отыр.

Коммуналдық қызметті мемлекеттің меншігіне өткізу үшін биыл бюджеттен қаржы бөлінбеген. Іссапармен келген облыс басшыларынан да жарытып жауап ала алмаған жұрт енді Елбасының өзіне хат жолдамақшы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.