{metadescription}
ШҚО-да аю ер кісіні азаптап өлтіріп, етін де жеп кеткен
ШҚО-да аю ер кісіні азаптап өлтіріп, етін де жеп кеткен

ШҚО-да аю ер кісіні азаптап өлтіріп, етін де жеп кеткен

Шығыс Қазақстанда аю адамға шапты. Кірекей ер кісіні азаптап өлтіріп, етін де жеген. Дәніккен жыртқыш енді Медведка ауылының маңын торуылдап жүр. Тұрғындар маймақаяқтың ашулануына – қонжығын адамдар өлтірді деген күдігі себеп дейді. Шын мәнінде аңның баласын жуырда жүк көлігі қағып кеткен екен. Енді «аю кегін бізден де алғалы жүр» деп көпшіліктің үрейі ұшып отыр.

Шығыс Қазақстандағы Медведка ауылы – бағзыдан аюлы мекен. Осында тұратын 65 жастағы азамат таңертеңмен тоғайдан сыпырғы жинап келуге кеткен. Содан оралмады. Отбасы оны түсте келеді деп күткен екен. Қас қарайып кеткен соң туыстары дабыл қаға бастаған.

Виталий Белокопытов, марқұмның ұлы:

- Учаскелік инспектор түнгі 11-де келді. Арыз жазған соң келесі күні «өздерің іздей беріңдер, арттарыңнан біз де барамыз» деді де, жоқ болды. Жақындарымызбен жабылып іздегенімізбен, таба алмадық. Полиция дер кезінде әрекет еткенде әкеміз аман қалар ма еді...

Тұрғындар тоғайды айналып іздегенімен, оның ішіне ене алмапты. Ақырған аюға беттеуге қорыққан. Қару қолдануға заң тыйым салады. Ал полиция болса, тек үшінші күні ғана төбе көрсетіпті. Ауылдың маңын түгел тінтіп, жоғалған еркекті бесінші күн дегенде әрең тапқан: онда да тек бөлшектелген денесін ғана...

Андрей Юртайкин, аңшы:

- Аяқтары айырылып кеткен, басы жоқ, қарны жарылып жатты. Аю жей бастаған екен. Еттері иістеніп кеткен екен. Біз мүрдені сол иіс арқылы таптық. Аю сол кезде денені айналшықтап жүрді. Оны аспанға оқ атып үркітуіме тура келді.

Адам етімен ауызданған кірекей қазір ауылды торуылдап жүр. Күні кеше тұрғын үйлердің дәл іргесінен апаны табылыпты. Жыртқыштың исінен жылқылар үркіп, шылбырын үзіп кетсе, байлаулы иттер де шынжырын шайнап жүр. Ал облыстық табиғи ресурстар және табиғаттыпайдалануды  реттеу басқармасындағылар адамжегіш аюды аулауға асығар емес. Бұл уақытта Медведканың көшелері күндіздің өзінде қаңырап бос тұр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде