{metadescription}
Алматы-Қапшағай арасындағы ақылы тасжолдың басым бөлігі аяқталуға жақын
Алматы-Қапшағай арасындағы ақылы тасжолдың басым бөлігі аяқталуға жақын

Алматы-Қапшағай арасындағы ақылы тасжолдың басым бөлігі аяқталуға жақын

Алматы мен Қапшағай арасындағы ақылы тасжолдың басым бөлігі бітуге таяу. Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі ретінде салынып жатқан трассаның осындағы 51 шақырымы толық пайдалануға берілгелі отыр. Енді алда 12 шақырымның құрылысы аяқталуы тиіс. Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша 539 шақырымдық автожол қайта қалпына келтіру көзделген. Оған мемлекет бюджетінен 48,2 млрд. теңге шамасында қаражат бөлінген.

Бұл – Алматы мен Қапшағай арасындағы 63 шақырымды құрайтын тасжолдың құрылысы. Бір жарым жылдан бері мұнда тынымсыз жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықаралық стандартқа сай жолдың 80 пайызы бетоннан төселмек. Трассаның былтыр 10 шақырымы қолданысқа берілсе, енді 41 шақырымының жұмысы бітуге таяу.

Ұлан Әліпов, «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттік бағдарлама бойынша барлық жұмыстар үшін бюджеттен 48,2 млрд. теңге бөлінген. Оның 60 пайызы іске жұмсалып, нәтижесін беріп жатыр. Қызметтің барлығы да жоспар бойынша жасалуда. Медігерлердің барлығы қажетті материалдармен, ресурстармен қамтамасыз етілген.

Айта кетерлігі, бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс. Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі ретінде салынуда. Алматы облысынан оның құрамына 420 шақырым жол кіруі тиіс.

Маңызды жолдың құрылысын бүгін Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев тексере келіпті. 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестиция және даму министрі:

- Жолдың құрылысы, сапасы жақсы жасалыпты. Бірақ енді оларды басқа жолдармен дұрыс жалғау керек. Өткелдерді, айналмалы аумақтарды талапқа сай әрі жүргізушілер үшін ыңғайлы етіп шығару қажет. Себебі Батыс Еуропа-Батыс Қытайдан бөлек бұл жермен Астана-Алматы, Алматы-Өскемен жолдары түседі.

Алматы-Қапшағай жолының толық құрылысы 2017 жылы бітуі тиіс. Жоба бойынша, транзиттік дәліз болғандықтан оған қатарынан 6 жолақ түспек. Бір айта кетерлігі, трасса ақылы болады. Әзірге нақты тарифі бекітілген жоқ. Бірақ тасжол маңындағы ауыл тұрғындары үшін жеңілдіктер қарастырылады делінуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде