{metadescription}
Ақтөбеде балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартатындар көбейген
Ақтөбеде балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартатындар көбейген

Ақтөбеде балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартатындар көбейген

Ақтөбе облысында балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартатындар көбейген. Қандағаш қаласының өзінде дін жолын ұстанған екі жүзден аса ата-ананы дәрігерлер көндіре алмай отыр. Сот арқылы да бұл мәселелені шешпек болыпты. Бірақ заңда мәжбүрлеп вакинациялау мүлдем қарастырылмаған. Енді мамандар жұқпалы індет тараса алдын алу қиын болады деп қауіптенеді.

Ақтөбе облысы бойынша Мұғалжар ауданында туберкулез дертіне шалдыққандар көп. Жыл басынан бері бір ғана Қандағаш қаласының №5 мектебінде 12 оқушыдан Кох таяқшасы табылған болатын. Бұл оқиғадан соң дәрігерлер балаларды туберкулезге қарсы жаппай егуге кіріскен еді. Бірақ қандағаштық екі жүзден астам ата-ана қарсы шыққан.

Қыдырбек Әбішев, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

- Көбісі діни тұрғыда, көзқараста қарсы. Құранда ондай жазылмаған. Сіздің салайын деп жатқандарыңыз кәпір дей ме, не дейді бірдеме сондай. Таза емес, ауру қыласыңдар біздің балаларды деп сондай-сондайға келтіреді.

Бұл індетті жұқтырған балалар ай сайын көбейіп келеді екен. Республикалық деңгейде комиссия құрылып, бақылауына алған бесінші мектептің тағы екі оқушысы дертті болған.  

Есенәлі Мұқашев, №5 орта мектептің директоры:

- Біздің екі баламыз тағы да сол өткенде ауырған 9 А кластың 2 баласы шықты. Қазір олар больницада жатыр. Үш бала жатыр енді. Біреуінің отбасында анасы ауырып. Көктемде емделіп қайтып еді. Нәтиже шықпаған сияқты.

Өткен жылы оқушылары жаппай туберкулез дертіне шалдыққан бұл мектеп қазір жабық тұр. Себебі үш ай ішінде толық күрделі жөндеуден өтуі керек. Бірақ ол туралы ата-аналар қыркүйекке санаулы күн қалғанда ғана білген. Әйтсе де жетпіс жыл жөндеу көрмеген ғимараттың жаңарып қалатындығына олар шүкіршілік етіп отыр. 

Жөндеу жұмысына қазынадан 90 миллион теңге бөлініпті. Оны игеретін компанияны анықтау үшін тендер жарияланған. Ал оқушылар болса қаладағы бос тұрған баспахана ғимараты мен колледжің бір жақ бөлігінде оқып жатыр. Олардың қатынасы үшін үш автобус қарастырылыпты.

Мектепті жаңартқанымен, дерттің қайта өршімесіне дәрігерлер кепілдік бермейді. Аурудың алдын алудың бір жолы екпе салу екен. Енді ата-аналарды көндіру мақсатында мамандар жұма намазына барып уағыз айтуға мәжбүр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.