{metadescription}
Доллар бағамы рекордтық деңгейге көтеріліп барып, қайта түсті
Доллар бағамы рекордтық деңгейге көтеріліп барып, қайта түсті

Доллар бағамы рекордтық деңгейге көтеріліп барып, қайта түсті

Қырық құбылған теңге! Бүгін АҚШ ақшасының бағамы рекордтық деңгейге көтеріліп барып, қайта түсті. Кешкі есеп бойынша, доллардың сату құны – 278 теңге болған. Ал сатып алу көрсеткіші небәрі бір теңге айырмасында. 

Бүгін таңғы биржада 273-тен  асқан еді. Ал ақша айырбастау орындарындағы сату бағасы 282-ге бір-ақ секірді. Сөйтіп, орта есеппен қаржы орталықтары доллар құнын кешке 278 теңгемен жауып отыр. Осылайша, АҚШ долларының құны сағат санап өсіп жатыр. Қымбаттаған долларға еуро мен рубль де ілесе кеткен. Соңғы есеп бойынша, биржада Еуропа валютасы – 316, ал орыс ақшасы 4 теңгеге теңеліп жабылды. Бүгінге тек Ұлттық Банк қана бағамын өзгерте қойған жоқ. Мұнда таңнан бері доллар – 252, еуро – 284, ал рубль – 3,7 теңге шамасын көрсетті. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.