Депутаттар «Экспоға» бөлінетін миллиардтарды естіп жағаларын ұстады
Депутаттар «Экспо-2017» көрмесіне алдағы үш жылда бөлінетін миллиардтарды естіп жағасын ұстады. Бүгін халық қалаулыларына Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған болатын.
Автор: Досжан Маратұлы
15.09.2015
Розақұл Халмұрадов, Мәжіліс депутаты:
- Көрме 2017-жылы бітеді. Көрменің барлық құрылысын 2016 жылдың соңына дейін бітір деген Елбасының бұйрығы бар. Не себептен 2018 жылға осы көрмеге 35 миллиард қаржы қарастырдық?
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
- Құрылыстарды бітіргенімен жұмыс бітпейді ғой. Ары қарай да жұмыстар бар. Кейін елдер өздерінің заттарын алып келеді. Павильиондарды дайындау керек. Сондай жұмыстарға.
Бұдан кейін де депутаттар Қаржы министріне сұрақтарын жаудырды. Барлығы бюджет ақшасын оңды-солды шашпай, үнемдеуге шақырып отыр. Тіпті, Өмірхан Өксікбаев акциздік тауарлар бағасын қымбаттатуды ұсынды. Сөйтіп, бюджетке түсімді көбейтпек. Жалпы әлемдегі дағдарысқа байланысты Үкімет онсыз да бюджет ақшасын үнемдеуге көшіпті. Биыл бөлінетін қаржы 74 миллиард теңгеге қысқарып отыр. Десек те, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бөлінетін қаржы көлемі артқан. Оның үстіне алдағы жылдан бастап шәкіртақы мен әлеуметтік ақылар 25 пайызға көбейеді дейді Бақыт Сұлтанов. Әрі қаржы тапшылығы болса да, оларды қысқартпайтынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!