{metadescription}
Отандық кәсіпкерлер шығынға батқандарын айтып зар жылады
Отандық кәсіпкерлер шығынға батқандарын айтып зар жылады

Отандық кәсіпкерлер шығынға батқандарын айтып зар жылады

Теңгенің құнсыздануынан кәсіпкерлеріміз қыруар шығынға батып жатыр. Әсіресе, қызмет көрсету саласындағы компаниялар. Себебі, сырттағы алыс-берісте шетел ақшасымен есеп айырысатын олар ел ішінде бұрынғы бағаны ұстап тұра алмаймыз деп шағым айтуда.

Жапа шегіп жатқандар негізінен, ірі сауда орындарында жерді жалға алатындар немесе қоғамдық тамақтандыру орындары, яғни кафе-мейрамханалар, сондай-ақ, дүкен иелері. Өйткені, жерді жалға алғаны үшін олар доллардың қазіргі бағамымен төлейді. Оның үстіне шетелден түрлі техникаларды сол елдің валютасымен сатып алады. Бірақ өз елімізде тек теңгемен жұмыс істеуге мәжбүр. Әрі бұрынғы бағаны ұстап тұру керек. Бұл, әлбетте, пайда емес, құр шығын әкеледі. Сондықтан, кәсіпкерлер отандық экономиканы долларсыздандыру ісін қолға алып, оны заң жүзінде бекітуді сұрап отыр. Әйтпесе, көп ұзамай елімізде қызмет көрсету саласы мүлдем тоқырауы мүмкін дейді.

Геннадий Шестаков, Қазақстан кедендік брокерлер қауымдастығының төрағасы:

-Жұмыс орындары қысқарады. Қызмет сөрсету сапасы төмендеп, тауарлар көлемі азаяды. Салдарынан, жағдайымыз қиындап, баяғы 9-шы жылдардағыдай жағдайға қайта оралуымыз мүмкін. Сондықтан, доллардың қыспағынан шығу үшін мұнайымызды теңгемен сатып, елдегі нарықты түгел теңгеге ауыстыру керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде