Атақты «Көңіл толқыны» күйінің авторы сырын ашты
Күллі қазақтың көңіліне жаққан «Көңіл толқыны» күйіне биыл 30 жыл. Секен Тұрысбектің осы бір тамаша туындысының өз тарихы бар.
Автор: Жадыра Сейдеш
25.09.2015
Мәскеуде дүниеге келген күйдің өзегінде – екі жасар егізінен айырылған сазгердің жеке басының қайғы қасіреті жатыр.Тағдырлы азаматтың тауқыметті жылдарының куәсіндей болған шығарма төңірегінде өрбіген және басқа да мәселелер айтылған әріптесіміз Жадыра Сейдештің авторлық бағдарламасының кезекиті санын сенбі күні әдеттегідей таңғы сағат тоғызда көре аласыздар. Күйші-композитор Секен Тұрысбектің өмірі мен өнері, шаттығы мен мұңы, шыны мен сыры жайлы ертеңгі «Жүрекжардыда» айтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!