{metadescription}
Ақмола облысында тәртіптік кеңес әкімді жылатты
Ақмола облысында тәртіптік кеңес әкімді жылатты

Ақмола облысында тәртіптік кеңес әкімді жылатты

Жиында жыламсыраған әкім! Ақмола облысындағы ауыл басшысы мектеп мұғалімімен төбелесемін деп, ісі тәртіптік кеңеске жетті. Алайда жиында бұзақылық жасамағанын айтқан атқамінер, қызметінде қалдыруды өтінген кезде тіпті көз жасын сықты.

Мына қаздай тізіліп, залға амалсыз кіріп келе жатқан үшеу 3 ауданның әкімдіктеріндегі бөлім басшылары. Үшеуі де арақ ішіп, қызметтік көлік жүргізген. Осы әрекеттері үшін сот оларды жүргізуші құқығынан 3 жылға айырыпты. Тіпті біреуі масаң күйде жол апатын жасап, мемлекет көлігінің тас-талқанын шығарыпты.

Нұркелді Рақымжанов, Еңбекшілдер аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы:

-Кінәмді мойындаймын. Масқара. Шын ұялам. Ақталғым келмейді.

Ал Кеңес ауылдық аймағының әкімі Төлеш Әбдірахманов мектепке барып, мұғалімді жағасынан алғаны үшін ісі Тәртіптік кеңесте қаралуда. Бірақ бүгін атқамінер 65- ке келгенше талай қызметтің басын қайырғанын, халықпен тіл табысып келгенін айтып ағынан жарылды. Тіпті жыламсырап тұрып лауазымынан айырмауын сұрады.

Төлеш Әбдірахманов, Кеңес ауылдық аймағының әкімі:

-Өсекке сеніп тағдырымды шешуге болмайды. Бұл мен үшін үлкен өкініш.

Тәртіптік кеңес тексеріс жүргізе келе төбелес болғанын дәлелдей алмапты. Куәгер тұрмақ, жәбірленушінің өзі де сөзінен айнып қалған. Сондықтан кемсеңдеген әкімінің ісін комиссия жылы жауып қойды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде