{metadescription}
Мәдениет министрі хандарды қорлаған бұзақыларды іздеуге өзі кірісті
Мәдениет министрі хандарды қорлаған бұзақыларды іздеуге өзі кірісті

Мәдениет министрі хандарды қорлаған бұзақыларды іздеуге өзі кірісті

Екі ханның Есіктегі ескерткіш тақтасына қатысты дау Үкіметке жетті. Мәдениет министрі дереу тексеру жүргізіп, Керей мен Жәнібектің мүсіндерін қараусыз қалғандар жауапсыз қалмайды деп сендірді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі:

-Өкінішке орай бірінші сізден естіп тұрмын. Міндетті түрде кірісеміз, менің ойымша ондай олқылықтар жоқ. Егер қатты заңбұзушылықтар болса, бізге бірінші жетеді.

Олқылықтың көкесін кешегі сюжетімізде көрсеткенбіз. Алматы облысының Есік қаласындағы Керей мен Жәнібек ханға арналған ескерткіштің түбі шіріп, маңайы қоқысқа толып, маскүнемдердің орнына айналып кеткенін айтқан жұрт тілшілерден көмек сұраған. Бір қызығы, Қазақ хандығының негізін қалаушы екі ұлы тарихи тұлға Есіктің әкімдігіне қарама-қарсы тұр. Көз алдарындағы масқараны жуып-жайғысы келген шенеуніктер мүсінге  көлік соққан деп ақталды. Бірақ кейін қирағалы тұрған тақтайшаны жөндеуге ақша жоқтығын мойындаған болатын. Енді хандардың  ескерткішін қараусыз қалдырғандармен Мәдениет министрінің жеке өзі айналыспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде