{metadescription}
Қарағандыда оқушыларды стриптиз билеткендер лицейден қуылмақ
Қарағандыда оқушыларды стриптиз билеткендер лицейден қуылмақ

Қарағандыда оқушыларды стриптиз билеткендер лицейден қуылмақ

Қарағандыдағы №1 қазақ -түрік лицейінің интернатында түрмедегідей тәртіп орнағаны расталды. Онда үлкендері кішілерін ұрып-соғып, әр жаққа жұмсап, ақша жинайтын ереже құрылғанын білім беру басқармасындағылар мойындап отыр.

Сондықтан мектеп директоры мен түнгі кезекші жұмыстарынан уақытша босатылған. Бірақ лицейдегі былық толығымен расталса, олар жұмыстан қуылып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Ал бүгін лицей ғимараты полицейлерге толып кеткен. Олар оқушылардан түсініктеме алып, тергеу алды тексерістер жүргізіп жатыр. 7-ші сыныптың оқушылары үлкендерден жәбір көргенін айтып, көгерген денелерін бейнетаспаға түсіріп ғаламторға салған. Айтуларынша, шенді -шекпенділердің ерке ұлдары лицейде білгендерін жасаған екен. Ал басшылығы оларға «әй» деп ауыз аша алмайтын да көрінеді. Бірақ басқарма басшылығы кінәсі дәлелденсе, «дөкейдің» ұлдарын да оқудан қуамыз деп сендірді.

Бақытгүл Әдекенова, Қарағанды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

-. Әлімжеттік жасаған оқушылар анықталып жатыр. Олардың барлығы да лицейден қуылатын болады. Ата-аналар үлкен даудан және лицей басшылығынан сескеніп, сорақылықты жасырып келген көрінеді. Ішкі тексеріс нәтижесі бойынша қатаң шара қолданатын боламыз.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде