Ақтөбе облысында ҰҚК лауазымды қызметкерінің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық Ұлттық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары өзін атып өлтірді. Қызметтестері оны кеңсесінде өліп қалған жерінен тапқан.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.10.2015
39 жастағы Құдайберген Дауымбеков өз саласының білікті маманы болыпты. 2011 жылы атышулы Шұбаршидегі лаңкестерді жою шарасына атсалысқан екен. Екі баланың әкесі қызметтік қаруынан атылған оқтан қайтыс болды. Дегенмен әріптестері ол өз-өзіне қол салған жоқ деп отыр. Айтуларынша, табелді қаруы абайсызда атылып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдары анықтап жатыр. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер де қызметтік тексеруге кіріскен.
Виталий Беспалько, ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінің ресми өкілі:
-Қызметкеріміздің табелді қаруы абайсызда атылып кеткен. Басынан тиген оқтан қайтыс болды. Қазір тексеру жүріп жатыр. Бұдан өзге айтарымыз жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!