{metadescription}
Елімізде девальвациядан соң банктер мол пайдаға кенелген
Елімізде девальвациядан соң банктер мол пайдаға кенелген

Елімізде девальвациядан соң банктер мол пайдаға кенелген

Ал экономикалық сарапшылар Ұлттық банктің саясатымен толық келіспей отыр. Олардың ойынша, төл теңгенің девальвациясы мен АҚШ валютасының еркін айналымға жіберілуі қатар жасалмауы тиіс еді. Енді молынан ағылған импорт және құнсызданып жатқан теңгемен инфляцияны бір деңгейде ұстап тұру мүмкін емес екен.

Ұлттық банктың қор биржасындағы саудаға қатысып, күн сайын мемлекеттің миллиардтарын жұмсауы да бекер әурешілік дейді экономистер. Тек соңғы 20 күн ішінде еліміздің бас қаржы ұйымы, бағаны қалайда ұстаймыз деген желеумен 1 млрд 400 млн долларды биржада сатып жіберіпті. Жағдайды тұрақтандыру үшін енді тек нарықты кеңейту керек деген пікірде мамандар. Яғни, қазір КАSE-ке қатысатын 5 ірі банктің саны көбейтіліп, биржаға экспортпен айналысатын компанияларды да жұмылдыру қажет.

Ғалым Құсайынов, экономист:

-Ұлттық банктің интервенцияны жалғастырудан басқа амалы жоқ. Бұл жұмыстар тек қарашаның орта тұсында бәсеңдеуі мүмкін. Себебі сол уақытта салық жинау аптасы өтеді. Экспортерлар банкке қаржылай көмек көрсетіп, биржадағы бағамды ұстап тұру арзанға түсуі мүмкін.Оған дейін осылай биржада миллиондап шаша беретін шығар.

 

Теңге еркін айналымға кеткелі, шекесі шылқып байыған тек банктер екен. Ranking.kz  порталының мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің активі 20 триллион теңгеге жеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған деңгей. Яғни, отандық 35 банктің 33-і пайда кенелген. Триллионер банктердің көшін Казком бастап тұр. Бір ай ішінде қаржы институтының активі 436 жарым млрд-қа өсіпті. Халық банктің де жағдайы жаман емес. Олар 426,9 млдр теңге пайда тапқан. Үздік үштікте Сбербанк те бар. Тамыз айында банк 198,4 млдр теңге пайда тауыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.