{metadescription}
Алматыда тілшіні соққыға жыққан жігітті тауып бергендерге 1 миллион сыйақы беріледі
Алматыда тілшіні соққыға жыққан жігітті тауып бергендерге 1 миллион сыйақы беріледі

Алматыда тілшіні соққыға жыққан жігітті тауып бергендерге 1 миллион сыйақы беріледі

Бұзақы үшін сыйақы тағайындалды. 4 күн бұрын Алматыда журналист, әрі блогер Ботагөз Жұманованы тепкілеп кеткен адамды табу үшін бизмесмендер қомақты қаржы ұсынып отыр. Бұл тергеу жұмысына оң нәтиже береді деген сенім бар.

Ботагөз Жұманованы 8-ші қазан күні кешкісін соқталдай жігіт тура үйінің кіреберісінде тепкілеген болатын. Бақылау камерасына түсіп қалған мына кадрлерде блогердің соңынан спорттық киім киген жас жігіттің еріп келгені анық көрінеді. Бұзақы есік үстіндегі камераға да еш қымсынбай қарап, кейін бейжай тұрған журналисті жұдырықпен басынан ұрып сұлатты. Жерге құлаған соң бірнеше рет тепкен. Ауыр соққыдан миы шайқалып, мұрыны сынған Ботагөз қазір ауруханада жатыр. Қастандық журналистің қызметіне қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі бақылауға алғандарын хабарлады.

Ерлан Нұрпейісов, бизнесмен:

-Бұзақыны тезірек табу үшін жарияланған сыйақыны толықтырғысы келген азаматтар көп. Сыйақы көлемі 100 мыңнан 1 миллионға таяп қалды. Бұл тек журналистке жасалған қастандық емес, бұл бүкіл қоғамға жасалған қылмыс деп білеміз.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде