{metadescription}
Оңтүстікте нан бағасы 3 теңгеге қымбаттап кетті
Оңтүстікте нан бағасы 3 теңгеге қымбаттап кетті

Оңтүстікте нан бағасы 3 теңгеге қымбаттап кетті

Ал Оңтүстік Қазақстанда нан қымбаттады. Бұған дейін дүкендерде 37 теңге тұрған бөлке 40 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның өсуін шенеуніктер бидайды сатып алу үшін бөлінетін мемлекеттік субсидияның еселеп азайғанымен түсіндірді.

Нұрпапа Көпеев, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

-Астықты сатып алу шығындарын субсидиялау мөлшері 1-ші тоқсанда мысалы 12 мың 450 теңге болса әр тоннасына, екінші тоқсанда 7 мың 200 теңге төмендеді. 3-ші тоқсанда 5 мыңға түсті. Қазір, 4-ші тоқсанда әр тоннасына 2500 теңгеден төмендеу жоспарланып отыр.

Субсидия көлемі азайған соң ұн бағасы да шарықтап шыға келген. Бұған дейін ұнның келісін 54 теңгеден сатып келген диірменшілер енді 58 теңгеге дейін көтеріпті. Өзге аймақтар нан құнын 65 теңгеге дейін шарықтатқанда оңтүстікте бөлке 35 теңге тұрған. Негізі шымкенттік наубайханашылар ас атасын 40 теңгеге көтеруді маусым айынан бастап өтінген болатын. Енді күнгейде баға жаңа жылға дейін осы қалыпта қалуы тиіс. Одан кейін Шымкентте бөлке 50-55 теңге болуы ғажап емес.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде