{metadescription}
Депутаттарды отандық тауарлардың бағасы шошытты
Депутаттарды отандық тауарлардың бағасы шошытты

Депутаттарды отандық тауарлардың бағасы шошытты

Мәжілісмендердің айтуынша, Қазақстанда жасалған өнімдер импортпен  салыстырғанда әлдеқайда қымбат.

Ал девальвациядан кейін Қазақстанда жұрттың табыс көлемі күрт азайып кеткен. Салдарынан тұрғындардың тұтыну қабілеті де төмендепті. Сондықтан, жұртқа бағасы шарықтап тұрған отандық өнімдерге қарағанда шетелдерден келген азық-түлік пен киім-кешекті сатып алған тиімді екен. Отандық кәсіпкерлер болса, «тауарымыз өтпей жатыр» деп шырылдап отыр. Мәжілісмендер Үкімет бұл мәселені шұғыл шешу керек дейді. Ол үшін депутаттар жергілікті кәсіпорындарға қолдау ретінде қосымша қаржы бөлуді және азық-түлікке қатысты мемлекеттік бағдарлама құруды ұсынды. 

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

-Мәселен, егер сырттан келген шұжық отандық өнімге қарағанда 20 пайызға арзан болса, әрине жұрт импорттық тауарды алады.Сондықтан, Үкімет өзіміздің өнімге деген сұранысты арттыруы тиіс. Ал, «Қазақстанда жасалған өнімді ғана тұтыныңыз» деген құрғақ сөзден еш нәтиже болмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.