{metadescription}
Атырауда бұрынғы  премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды
Атырауда бұрынғы  премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды

Атырауда бұрынғы премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды

Нұрлан Балғымбаев бақилық болды. 68 жастағы Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Атырауда көз жұмған. Марқұм көптен бері сырқаттанып жүрген екен.

Нұрлан Өтепұлы танымал мемлекет қайраткері және мұнайшы. Еңбек жолын қарапайым бұрғылаушының көмекшісінен бастаған. Кейін Мұнай және газ министрі, «Қазақойлдың» президенті, Елбасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.  Ал, 1997-1999 жылдары Министрлер кабинетіне жетекшілік еткен. Премьер ретінде Балғымбаев отандық тауарларға ерекше қолдау көрсетіп есте қалды. Сондай-ақ, Балғымбаев - мұнай және газ өнеркәсібін дамытуға, еліміздегі қазба байлықтарды  тиімді пайдалануға бар күш-жігерін салған азамат. Марқұм соңғы уақытта «ҚазМұнайГазға» тиесілі компаниялардың бірін басқарған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде