Павлодарда айыппұлмен құтылғысы келген облыстың бас құтқарушысы түрмеге қамалды
Павлодарда облыстың бас құтқарушысы сотталды. Михаил Романевич енді жеті жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.
Автор: Әйгерім Шакаманова
15.10.2015
Төтенше жағдайлар департаментін басқарған 50 жастағы азамат коммерциялық нысанды пайдалануға рұқсат беретін актіге қол қою үшін кәсіпкерден 90 мың теңге алыпты. Тергеу барысында тағы бір дерек анықталды. Екі бөлмелі пәтердің жоспарын өзгерту үшін шенеунік өзге кәсіпкерден параны тіпті коньякпен алған. Прокурорлар полковникке алған ақшасынан 70 есе үлкен сомасын, яғни 6 миллион 720 мың теңге айыппұл төлетуді сұраған болатын. Алайда сот Романевичті 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Валентина Романевич, сотталушының анасы:
- Прокурорлар сұраған айыппұл төлеу жазасына кессе, ұлым бостандықта болар еді. Бақандай жеті жылға қамап тастады. Балам мемлекеттің ақшасын ешқашан жеген емес. Күні-түні жұмыс істеп, адал еңбек еткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!