{metadescription}
Алматыда көше бойына қойылған көлік үшін ақша төлеуге тыйым салынды
Алматыда көше бойына қойылған көлік үшін ақша төлеуге тыйым салынды

Алматыда көше бойына қойылған көлік үшін ақша төлеуге тыйым салынды

Автотұрақ үшін теңге алынбайды. Қарашадан бастап алматылық жүргізушілер көше бойында қалдырған көліктері үшін ешкімге ақы төлеуге міндетті емес.

Қала басшылығының бұндай шешім қабылдауына осыған дейін бірнеше мекемемен жасалған келісім-шарттың бұзылуы себеп болыпты. Тексеріс барысында олардың өз міндетіне салғырт қарағаны және салыққа қатысты заңдардың бірқатар ережелерін бұзғаны анықталған. Енді тыйым салынатын белгі ілінбеген жерге темір тұлпарды ешбір қиындықсыз қоюға болады. Ал орын үшін ақы сұрағандардың ісі заңсыз деп бағаланады. Ақша сұраған азаматтар жайлы «109» орталық диспетчерлік нөміріне қоңырау шалып, хабарлау қажет. Бұл өзгеріс сауда үйлері, әуежай, вокзал мен өзге де жекеменшік аумақта орналасқан тұрақтарға қатысты емес. Ақылы тұрақтардың орталық жүйесі құрылғанша көлікті қалдырған орын тегін болып қала бермек. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.