{metadescription}
Петропавлда бақтағы аң-құс аштықтан қырылып жатыр
Петропавлда бақтағы аң-құс аштықтан қырылып жатыр

Петропавлда бақтағы аң-құс аштықтан қырылып жатыр

Петропавлдың қысқы бағындағы аң-құс аштан қатып жатыр. Бақ әкімшілігі жануарлардың азығына ақша таппай жүр. 

Осыдан үш күн бұрын ғана қала сыртынан табылған мына бірқазанға күніне бес келі балық керек. Ал бір айлық азығы кемі 30 мың теңге. Одан қалды бақта осы өңірдің өзен-көлдерінен ұша алмай қалған 22 аққу мен елу шақты қаз-үйрек бар. Барлығына тойдырып азық беруге бақ әкімшілігі қауқарсыз. Сондықтан жергілікті шаруа қожалықтарына қол жаюға мәжбүр. Негізгі міндеті тропикалық өсімдіктерді күтіп-баптау болып саналатын бұл нысанға жануарларды бағуға қаржы бөлінбейді. Бірақ қалалықтар көшеден  тауып алған аң-құстарды ескі әдетінше осында әкеледі екен. Оларды там-тұмдап болса да қоректендіруге бүгінде еріктілер де атсалысып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде