{metadescription}
Оңтүстікте газдың тапшылығына жүргізушілер шенеуніктерді кінәлады
Оңтүстікте газдың тапшылығына жүргізушілер шенеуніктерді кінәлады

Оңтүстікте газдың тапшылығына жүргізушілер шенеуніктерді кінәлады

Оңтүстік Қазақстанда сұйытылған газ тапшы. Қымбат бензиннен қашып, көліктеріне көгілдір отын орнатқан жүргізушілер енді жанармай бекеттерінен газ іздеп сабылып жүр. Бар жердің өзі тек талонмен үлестіреді. Жергілікті билік бұған Астананы кінәлады. Онсыз да оңтүстікке бір айға қажетті 8 мың тонна газдың орнына 4 жарым мың тонна беруге келіскен министрлік қазір 500 тоннасын ғана жіберіпті.

Оңтүстіктің жанармай бекетттерінде бес күннен бері газ тапшы. Бағасы шарықтаған бензинді қымбат көріп, көліктің отынын ауыстырған жүргізушілер енді бүкіл қаланы айналып сұйытылған газ іздеп жүр.

Қалада еш жерде жоқ. Осындай бәрі. Талон дейді. Талонды қайдан аласың десең сатып ал дейді.

Тапшы болғанымен, кей бекеттер талонға ғана үлестіріп жатыр. Яғни газ автобус парктері мен бюджеттік мекемелерден артылмай тұр.

-Газсыз жүре алмай жатырмыз. Газ жоқ. Тұраққа қойып кетіп жатырмыз машинаны. Жаяу, автобустармен жүреміз. 

Тапшылықтан облыс шенеуніктері хабардар. Тек, әзірше дабыл қағудың қажеті жоқ дейді. Оңтүстікке онсыз да өзге облыстардан гөрі көбірек газ беретін Энергетика минстрлігі бұл жолы өзге аймақтардағы егін орағына байланысты күнгейге оны жөнелтіп үлгермей жатыр екен. 

Нұралхан Шәріпов, ОҚО әкімдігі газбен қамту бөлімінің басшысы:

-Әр күні бұлардың жоспарына сәйкес 300 тоннадан ОҚО-ға беріліп отыр. Соның негізінде облысқа берілетін әлеуметтік газдың 4600 тоннаның есептейтін болсақ бізге олар осы айдың 15-не дейін толық келіп бітуі керек. 

Шенеуніктердің сөзінше оңтүстік өңірдің қажеттілігін өтеу үшін қазіргі 4600 тонна да жеткіліксіз. Облысты толық қамту үшін 8 мың тоннадан кем болмауы керек дейді. Бірақ, бұл әзірше атқамінерлердің арманы ғана. Ал, қазіргі Министрлік бекіткен нормаға сай сығымдалған сұйық отын бір апта көлемінде келіп бітуі тиіс. Сол кезде облыстағы 135 жанар май бекеті көліктерге еш кезексіз қызмет көрсететін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде