{metadescription}
Олимпиада чемпионы  Бақыт Сәрсекбаев доңғалақ үшін әйелін сотқа берді
Олимпиада чемпионы  Бақыт Сәрсекбаев доңғалақ үшін әйелін сотқа берді

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев доңғалақ үшін әйелін сотқа берді

Бақыт Сәрсекбаевтың тағы басы дауға қалды! Бапкеріне сыйлаған баспанасын сот арқылы даулаған боксшы енді бұрынғы әйелімен соттасып жатыр. Бірақ бұл жолы қымбат пәтер үшін емес. Ол көлік доңғалағын рұқсатсыз алып кеткен экс-келіншегін «алаяқ» деп айыптапты. Сол әйелінің айтуынша, былғары қолғап шебері сыйлаған көлігінің жарты ақшасын да қайтарып алмақ ойда екен.

Бақыт Сәрсекбаев пен бұрынғы әйелі арасындағы дау міне осы қысқы доңғалақтан басталған. Мұны Эльвира қар түскенде Бақыттың үйіне барып көлігіне салу үшін алып кетіпті. Бірақ боксшы «доңғалақтарымды ұрлап кетті» деп бұрынғы әйелін сотқа берген.

-Міне, осы доңғалақ үшін Бақытпен арада қырқыс басталды. Ол полицияға барып үстімнен арыз жазып кетіпті.

Бұл шетелдік көлікті Сәрсекбаев 7 жыл бұрын ұл туып бергені үшін әйеліне өзі сыйға тартқан екен. Енді ажырасқан соң, доңғалақпен қоса көлікті сот арқылы тартып алуды көздеп отыр. Тіпті, келіншегі мен үш баласы тұрып жатқан пәтерді де тартып алмақ болыпты.

Эльвира Сәрсекбаева, Астана қаласының тұрғыны:

-Маған жазған арызында «мені алдап үйіне кіріп доңғалақты ұрлап шыққан» деп жазған. Мұның бәрі өтірік сөз. Анасы үйде болған. Оған бәрін айтып түсіндіріп кеттім.

Ал, олимпиада чемпионы болса, отбасындағы жанжалға қатысты сұхбат беруге құлқы жоқ. Бірақ көлікті қайтарудан бөлек, әйелінен 300 мың теңге моральдық өтемақы талап етіп отырған көрінеді.

Бақыт Сәрсекбаев, «Бейжің» олимпиадасының чемпионы: (30 қаңтар, 2014)

-Махмудовқа пәтер бердім. Бермедім деп айтпаймын. Бірақ оның өз міндеттемелері бар болатын.

Бұл Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты алғашқы жанжал емес. Атышулы боксшы былтыр өзінің бапкері әрі нағашы ағасымен 3 бөлмелі пәтер үшін соттасқаны есте. Кілтін өз қолымен табыстаған баспананы олимпиада чемпионы ақыры қайтара алмаған. Енді 8 жыл отасқан келіншегімен қысқы доңғалақты бөлісе алмай тағы ұятқа қалып отыр.

Доңғалақ үшін дауласқан ерлі-зайыптылардың ара қатынасы ушыққаны соншалық, қазір іс сотта қаралып жатыр. Тіпті Бақыт Сәрсекбаевтың шағымымен әйелінің үстінен» алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, аяқасты ұрлықшы болып шыға келген Эльвира Сәрсекбаева да қарап қалмақ емес. 3 баласына алимент төлемей қашгып жүрген күйеуін сотқа бермек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде