{metadescription}
Қазақстан азаматтарына Мысырда демалу қаншалықты қауіпсіз?
Қазақстан азаматтарына Мысырда демалу қаншалықты қауіпсіз?

Қазақстан азаматтарына Мысырда демалу қаншалықты қауіпсіз?

Халықаралық сарапшылар Мысыр аумағында апатқа ұшыраған ресейлік ұшаққа қатысты лаңкестік әрекет болған деп болжам жасады. Тіпті, бұдан секемденген Ресей мен Еуропаның бірнеше мемлекеті осы елге ұшатын бүкіл әуе қатынастарын дереу тоқтатып тастады. Апат тек біздің туристерге еш әсер етпейтін сияқты. Қазақстандық туроператорлар саяхатшыларды пирамидалар еліне кестеге сай жөнелтіп жатыр.

Ресейлік және ұлыбританиялық саяхатшыларынан айрылған Мысыр қазірдің өзінде 500 миллион доллар кірістен қағылған. Дәл осы екі елден келетін демалушылар мұндағы туристердің 70 пайызын құрайды екен. Егер жағдай өзгермесе, Мысыр жыл аяғына дейін 2 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін. Кәрі құрлық араб елін осылай шығынға батырып жатса, біздің отандастарымыз сол күйі лег-легімен аттануда.

Дана Ақшолақова, туристік компания директоры:

-Аса бір алаңдаушылық жоқ. Тек екі жолаушы жолдамадан бас тартты. Қалғандары ойдағыдай. Мысырдағы елшіліктен де жағдай қалыпты деген хабар алдық. Сондықтан операторларымыз турист толы ұшақтарын жіберіп жатыр.

АҚШ мамандары апатқа ұшыраған «Эйрбас 321» ұшағында лаңкестік әрекет болғанына толық сенімді. Бұл нұсқаны ағылшындар қолдап, қазір Ресей де жүгіне бастаған. Өйткені ұшақта техникалық ақау жоқ. Бөлшектері де бір-бірінен алшақ құлапты. Демек, ұшақта бомба жарылмаса, жерге құлайтын басқа себеп жоқ дейді мамандар. Дегенмен, бұл мәліметтер біздің туристік компанияларға еш әсер етпеген сияқты.

Денис Кривошеев, Қазақстан туроператорлар қауымдастығының өкілі :

-Біздің туристер сапарларын жалғастыра беретін болады. Тіпті, Ресейдің өзі де тек уақытша шектеу қойып отыр. Отандастырымыз Тайландтағы және басқа елдердегі саяси жағдайлар кезінде де тоқтамаған. Мысыр сапары бойынша да өтінішін кері қайтарған саяхатшыларды естіген жоқпын.

Алып мемлекеттер Мысыр бағытындағы әуе қатынастарын үзіп, қауіптің алдын алып жатса, біздің ел әлі де асығар емес. Шетелде демалғысы келген азаматтарымыз үшін саяхат сапарлары тоқтаған жоқ. Өткен сенбінің өзінде 235 жолаушы мінген әуе кемесі Мысырға жол тартты. Ал олардың қауіпсіздігі қалай болмақ?Алмағайып кезде ұшу бағыттары неге тоқтатылмайды? Құзырлы орындар бұл жөнінде ешқандай мәлімет таратпай отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде