{metadescription}
Теңгенің соңынан нанның да бағасы еркіндікке жіберілді
Теңгенің соңынан нанның да бағасы еркіндікке жіберілді

Теңгенің соңынан нанның да бағасы еркіндікке жіберілді

Мемлекет ас атасының құнын қолдан ұстап тұруға қауқарсыз. Өйткені, нан қымбаттап кетпес үшін жыл сайын бюджеттен 8 миллиард теңге жұмсалады екен. Мұндай қыруар қаржы қазір қазынаға ауыр тиіп отыр. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрі арзан нанды сатып алу үшін тек кедейлерге көмектесуді ұсынды. Ал байлар өз ақшасынан алсын деп бүгін Мәжілісте мінез көрсетті.

Әдетте алдарына келген министрлерге ашуланып айқайға басатын депутаттар жуасып қалыпты. Бүгінгі Үкімет сағатына қатысқан Ауыл шаруашылығы министрін мәжілісмендер аса сынамады. Тіпті кейбір халық қалаулылары жиынға келмей де қалған. Оларды жоқтатпай орындарында көмекшілері отыр. Ал, Асылжан Мамытбеков босаңсыған депутаттарға бірден нан бағасына қатысты өз талабын қойды.

-Байлар нанды неге арзан бағаға алу керек? Бұл әділетсіздік қой.

Яғни, Мамытбеков нанды бай мен кедейге бірдей арзан сату әділетсіздік деп отыр. Сондықтан, бағаны шұғыл еркіндікке жіберіп, оны бақылаудан бас тартпақ. Өйткені, мемлекет бүгінге дейін жыл сайын бюджеттен  8 миллиард теңге бөлініп, қымбатшылықты қолдан болдырмай келіпті. Енді бұл шығынды жабу бюджетке қиындық тудырған.

Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:

-Егер бағаны тұрақты ұстап тұру үшін бөлінетін субсидияны тоқтатсақ, наның құны шарықтап кетпей ме? Сонда сіздер зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қалай арзан нанмен қамтамасыз етпексіздер?

Мамытбековтың айтуынша, қазір жұрт үшін нан – негізгі ас емес. Дегенмен, бас агроном азық-түлік себетін қайта есептеп, тек тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік жәрдемді көбейтуді ұсынды.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Бағасы қалтаға қатты ұратын отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілуі керек.Баға нарықтық болу керек. Сонда ғана ол жерде инвестиция тартылады, сол кезде ғана бәсекелестік артады, сол кезде ғана нанның сапасы артады.

Депутаттардың сынынан сүрінбей өткен министрдің көңіл-күйін журналистер бұзды. Асылжан Сарыбайұлынан солтүстік өңірлердегі қар астында жиналмай қалған астық жайында сұрап едік, ашуланып қалды.  Комбайнның орнына джип сатып алып, көршісінің техникасы босағанын  күтіп жүріп, кеш қалатын  фермерлердің өзіне кінә артты.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Біз астық алқаптарын аяқпен өлшеп жүру мүмкін емес. Ол жеке меншік бизнес. «Далада қардың астында қалған кірпіш бар ма?» деп неге Индустрия министрінен сұрамайсыз?Ол да тауар. Бұл да тауар.

Ал, Мамытбековтың Мәжілістегі мәлімдемесінен кейін орынбасарлары дереу наубайханаларды аралауға шықты. Шенеуніктер кәсіпорын басшыларына бұдан-былай мемлекеттік қолдау болмайтынын ескертіп  жүр. 

Ұлттық банк секілді теңгені еркіндікке жіберген Мамытбеков те нанның құнын нарық белгілеген дұрыс деп отыр. Және ол ұнның бағасына байланысты болмақ. Наубайхана басшыларының айтуынша, егер мемлекеттік субсидия мүлдем тоқтаса, ас атасы 80 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бірақ, сауда сөрелеріндегі нан қазірдің өзінде 5-6 теңгеге көтерілген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде