{metadescription}
Атырауда батпаққа батқан жұрт шенеуніктерден асфальт төсеуді талап етті
Атырауда батпаққа батқан жұрт шенеуніктерден асфальт төсеуді талап етті

Атырауда батпаққа батқан жұрт шенеуніктерден асфальт төсеуді талап етті

Атырауда әдеттегідей аяқ алып жүргісіз балшықтың кесірінен балалар сабақтан қалып, үлкендер үйлерінен шыға алмай отыр. Бір тәулік бойы толассыз жауған жаңбыр қаланың айналасындағы 7 бірдей елді мекеннің жолын ми батпаққа айналдырған. 

-Қалаға шықсақ, елден ұяламыз, аяғымызда нән нән резеңке етік.Тіпті ұят!

Мұндағы тұрғындардың жатса-тұрса тілейтіні – асфальт. Балалардың балабақша мен мектепке бара алмай отырғаны өз алдына, ересектер жұмысқа әупірімдеп әрең жетеді. Тұрғындар қанша қиналып жатса да, жаңбырлы күндері жедел жәрдем шақырмауға тырысады. Өйткені ондайда жеңіл көліктің өзі қозғала алмайды. Халық жолдың қияметін айтып құзырлы органдарға 2007 жылдан бастап шағымданып жүр. Келген басшылардың бәрі жағдайды дұрыстауға уәде беріп қуантқанымен, сөздерінде тұрмайтын көрінеді. Бұл жолы да шенеуніктер алдағы уақытта 15 көшеге жөндеу жүргіземіз деп сендірді. Бірақ дәл қазір оған қаражаттары жоқ екен. Сондықтан енді тұрғындардың әлі біраз батпаққа батып жүретін түрі бар.

Амантай Сәрсенәлиев, Атырау қаласының тұрғыны:

-Қиынның көкесі – мына батпақ. Балаларымыз жолға барады, жарты жолға барып мектепке, тайып құлап қайтып келеді, сол күнгі сабақ қалады. Мына қарттарымыз күндіз жастар жұмыста болғасын нанын, тамағын алайын десе дүкенге барайын десе, мынау жағдай жүре алмайды үлкен кісілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде