{metadescription}
Сенатқа жеткен басты қаржылық құжатты талқылау тағы дауға айналды
Сенатқа жеткен басты қаржылық құжатты талқылау тағы дауға айналды

Сенатқа жеткен басты қаржылық құжатты талқылау тағы дауға айналды

Дауға айналған бюджет бүгін Сенатта қаралды. Жоғары палата мүшелері мемлекеттің кірісі мен шығысын ұзақ мерзімге жоспарлау қазір тиімсіз деп ә дегеннен Қаржы мен экономика министрлеріне шүйлікті. Яғни, сенаторлар бюджетті 3 жылға жоспарлау өрескел қателік деп отыр. Сондықтан Ресейдің тәжірбиесіне көшіп, қазынаны 1 жылға жоспарлауды ұсынды. Алайда, қазына қаржысын триллондап қысқартып жатқан Досаевқа бұл бастама жақпай қалды.

Алдағы жылдардың бюджеті толық бекітілгенше Қаржы министріне тыным жоқ. Триллиондаған теңгенің қайда және қалай жұмсалатынын бәрі білгісі келеді. Сондықтан журналистер Бақыт Сұлтановтан кіре берісте, киім ілгіштің жанында, жалпы кез-келген жерде сұқбат алуға дайын.        

Жалпы, бюджетке жауапты Сұлтанов та, Досаев та, әулие емес. Яғни, әлемде келер жылы не боларына нақты болжам жоқ. Сондықтан доллар мен мұнай бағасы күн сайын құбылып тұрған кезде ұзақ мерзімді жоспарлаудан бас тартуымыз қажет. Осы жерде сенаторлар қаржылық құжатты жиі түзете бергенше, Ресей сияқты біржылдық бюджетке ауысуды ұсынды.

Қуаныш Айтақанов, Сенат депутаты:

-Жалпы үш жылдық бюджетті жоспарлаудың қажеті бар ма? Біз осы соңғы бес жылға дейін бір жылдық бюджетті жоспарлап келдік қой. 2016 жылы не болатынын білмейміз. 2017,2018 жылды жоспарлап отырмыз. Қағазға осындай артық сөздің жаза берудің қажеті бар ма?

Сол қағазды қайта-қайта шимайлап триллиондарды есептеу еліміздің бас экономисіне ұнайтын секілді. Сондықтан Досаевқа көрші мемлекеттің тәжірбиесі бірден жақпай қалды.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Біз санкциялардың астында жүрген жоқпыз.Үкіметтің резерві бар, Ұлттық қорымыз ба. Алдымызда қиыншылықтар да бар шығар. Бірақ Ресей сияқты бір жылға көшудің, біз ондайды қолдамаймыз.

Кеше президент Министрлер кабинетін жинап, инвестиция тартуға құлықсыз елшіліктерді қысқартыңдар деп пәрмен берген. Енді дипломатиялық корпустардың тиімділігі аз болса, шығындары қысқартылмақ. Ал жаңасын ашуға мүлдем тыйым салынуы мүмкін.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Егер ертең бұдан экономия болса, біз оны әрине бюджетті нақтылау кезінде қысқарта аламыз немесе басқа бағыттарға жібере аламыз.

Жалпы үш жылға жоспарланған бюджет шығыны 7 триллионнан астам. Қыруар қаржыны үнеммен бөлу Сұлтанов пен Досаевқа үлкен сын болғалы тұр. Бүгін сенаторлар бюджеттен бөлек «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңды да қабылдады. Құжат күшіне енсе, енді мектептер мен балабақшалардағы асханалар мемлекеттік тендерге мүлдем қатыспайды. Яғни, оқушылар мен балаларды тамақтандырудан кәсіпкерлер аластатылып отыр.

Талай шенеуніктің түбіне жеткен бұл заң тендердегі талай былыққа  тосқауыл қояды деген үміт бар. Себебі қазына қаржысы ханталапайға түспеуі тиіс. Бюджет демекші, дауға айналған еліміздің басты қаржылық құжатын сенаторлар ұзақ ұстай алмайды. Жақын арада жалпы отырысқа жиналып бекітуі тиіс. Өйткені, жыры көп бюджет 1-ші желтоқсанға дейін дайын болып, президенттің үстелінде жатуы керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.