{metadescription}
Жүк орнына толтырып адам тиеген қырғыз  жүргізушісінің өлермен әрекеті полицияны шошытты
Жүк орнына толтырып адам тиеген қырғыз  жүргізушісінің өлермен әрекеті полицияны шошытты

Жүк орнына толтырып адам тиеген қырғыз жүргізушісінің өлермен әрекеті полицияны шошытты

Жүк орнына жолаушы. Қырғызстандық көлік жүргізушісі Тараздық тәртіп сақшыларын шошытты. Ол, жүк тасымалдайтын шағын машинаға адамдарды аузы-мұрнына дейін лық толтырып, Ресейге бір-ақ тартпақ болған.

-Ал , қанша адам тұр мына жерде. 1,2,3,4,5...

Бұл көлікте 7 орын ғана бар. Алайда, жүргізуші өзінен бөлек 13 жолаушыны сыйғызып жіберген. Таңқаларлығы отыратын орынның болмауынан, соншама кісі бірінің-үстіне бірі сығылысып жатыр. Ал, діттеген жерге дейін кемі үш тәулік. Арасанда бір әйел бар. Келіншек кіл еркектің ортасында жайбарақат жүр. Жүк салғышта кептелген қырғыздардың тең жарамы Тараздан түсірілді. Қалғандары Ресейге кетті. Жүргізушіге артық адам алғаны үшін тек 18 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.    

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде