{metadescription}
СҚО тұрғыны немересінің анасын іздестіріп жатыр
СҚО тұрғыны немересінің анасын іздестіріп жатыр

СҚО тұрғыны немересінің анасын іздестіріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны немересінің анасын іздестіріп жатыр. Чкалов ауылында тұратын Айсұлу Сәдуақасова баланың әке-шешесін ата-аналық құқығынан айырмақшы. Әйтпесе, туған немересіне өзін қамқоршысы ретінде рәсімдей алмай отыр. Бұл әйелдің мектепті күзетіп тапқан 28 мың теңгесі тамақтарына әрең жетеді екен. Қолындағы бүлдіршінге жәрдемақы тағайындауды сұрап, аудандық білім бөлімінің табалдырығын тоздырғанымен еш пайда жоқ. 

5 жасар Саяттың «мама Любка» деп отырғаны өзінің туған анасы. 18 жасында   ұлды болған келіншек  баласын енесіне тастап, кетіп қапты. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Саяттың әкесі кейін басқа әйелмен көңіл қосып, ұлын қолына алған екен. Бірақ өгей шеше баланы ә дегеннен-ақ жақтырмапты.

Айсұлу Сәдуақасова, Чкалов ауылының тұрғыны:

-Мында тұрғысы келмейді. Ан жақта жағдайы жақсы шығар. Менен безіп жүр.

Айсұлу Сәдуақасова келінін аналық құқығынан айыру үшін сотқа берген екен. Келіншек наркологиялық не психоневрологиялық диспансерде есепте жоқ дегенді желеу етіп, құзырлы орган арызын кері қайтарыпты. Тек баласын дұрыстап тәрбиелеуге міндеттепті. Бірақ соттан кейін көкек ана қара көрсетпеген. Салдарынан Саяттың әжесі тиісті жәрдемақыдан қағылып отыр.

Айсұлу Сәдуақасова, Чкалов ауылының тұрғыны:

-Бірдеңе төлесе ғой. Өзім білем ғой немене алып не қоятынымды. Киіміне , тамағына  керек.  

Мектепті күзетіп, айына 28 мың теңгеге күнелтіп отырған екеудің жайы аудандық білім бөліміндегілерге белгілі. Алайда олар сот шешімінен әрі аса алмаймыз дейді. Тығырықтан шығар жалғыз жол – әкесін ұлынан бас тартқызу. Бірақ өзге қалада, өзге отбасымен тұратын туған ұлын мұндай опасыздыққа анасы қимайды.

Мұхтар Байғожин, Тайынша аудандық білім бөлімінің бас маманы:

-Егер баланың әкесі өз еркімен ұлынан бас тартса, оны әкелік құқынан айыру туралы сотқа шағым түсіре аламыз. Анасының  да өз міндетін атқармай жүргенін сотта айтамыз. Сонда ғана Айсұлу Сәдауақасова немересінің ресми қамқоршысы атануы мүмкін.

Мұндай жағдайда Айсұлу Сәдуақасова айына қосымша 19 мың теңге жәрдемақы алуы мүмкін. Мұның үстіне ол келінім жағдайды түсініп, өзі келіп қала ма деген үмітпен де отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде