{metadescription}
Алматыда жат жұрттағы қандастарымыздың жинағы жарық көрді
Алматыда жат жұрттағы қандастарымыздың жинағы жарық көрді

Алматыда жат жұрттағы қандастарымыздың жинағы жарық көрді

Жырақта жүріп тарихи отаны туралы қалам тербегендер! Алматыда шетелдердегі қазақ диаспоралары өкілдерінің бірден 4 кітабы жарық көрді. Жалпы, жат жұрттағы ағайындардың еңбегін жинақ қылып басып шығару дәстүрге айналған.

Сиясы кеппеген жинақтарда әлемнің әр қиырындағы қандастарымыздың өмірі мен жай-күйі туралы сөз қозғалады. Әрі қаламгерлер тарихи отанына деген сағыныштарын проза және поэзия түрінде жеткізген. Геннадий Ташпеков Ресейдің Саратов қаласындағы қазақтардың өмірі туралы, ал Досан Баймолда өз еңбегінде күллі Еуропадағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жазған. Бір ерекшелігі, биыл тұңғыш рет Қарақалпақстандағы қазақтар туралы өлең кітабы 2 мың данамен басылып шықты.

Мақсат Әлсейітов, «Жетімсайдың бойында жетім ауыл» кітабының авторы (Өзбекстан)

- Лирикалық өлеңдер. Енді бұл өлеңдердің ішінде әртүрлі тақырып қамтылған. Көбінесе енді негізгі мақсаты шетелдегі қазақтардың жағдайы туралы, осы жердің өзіміздің Қазақстанның жетістіктерін жырлау, Отанды жырлау.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.