{metadescription}
Өрісте жүрген жылқыларды атып кеткен қаскөйлерге іздеу жарияланды
Өрісте жүрген жылқыларды атып кеткен қаскөйлерге іздеу жарияланды

Өрісте жүрген жылқыларды атып кеткен қаскөйлерге іздеу жарияланды

Ақмола облысындағы Жамантұз ауылының тебінде бағулы жылқысына қарулы шабуыл жасалды.

Ақмола облысында өрісте жайылып жүрген үйірдегі бірнеше жылқыны әлдекімдер мылтықпен атып қырып кеткен! Арасында 1-2 айда төлдеуі тиіс биелер де бар. Жаға ұстататарлық оқиға Жамантұз ауылында болды. Қаскөйлер оқ тиген малды жайылымға қалдырыпты. Ал жылқышылар бұл кезде үйлеріне демалуға кеткен екен. Жұртттың ойынша, бұл малды егістігіне жайғызбау үшін жер иесінің жасаған қастандығы болуы мүмкін.

Тып-тынық дала тыныштығын бұзып атылған оқ 6 жылқыны жаралаған. Ақ қар қып-қызыл қанға боялып, қансыраған малды көрген жылқышылар бірден иелеріне хабар берді. Енді бірнеше ауыл тұрғыны жаралы жылқысын буаз екеніне қарамастан айдалада сойып жатыр.

Нұрлан Жаманов, жылқышы:

-Оқтың орны. Үйіріліп тұрған жылқыға атып-атып, таң ата болған ғой. Түнде басында болдық, таң ата демалуға кетеміз ғой.1-2 сағат болса да. Нақты атып етін әкетсе, түсінікті. Мынау түсініксіз нәрсе боп тұр. Бізді қорқыту үшін бе или мазақ қылу үшін бе?

Аяғынан жараланған екі жылқы ақсаңдап табынға ілесіп кеткен. Ал тағы оңбай оқ тиген екі малды иелері ауылға артып әкетті. Қиналып қансырап жатқан мына тай тіпті тұра алар емес. Болған жағдайды естіп  көрші ауылдардан келген жылқышылар онсыз да үйірімен айдап әкететін барымташылардың тыныштық бермейтінін айтуда.

Әбдірәшит Хасенов, жылқышы:

-Масқара мынау! Мынаны қалай тиятынымызды білмейміз. Қансырап жатыр малдар. Мұның қасында малшы болса не болады.Өзімізді атып кетеді машинамен келген адам.

Машинамен келген адам кім екені әзірге белгісіз. Ал полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Оқиға орнынан аңшы мылтығының гильзалары алынып, сараптамаға жіберілді. Джип көлігін мінгендер екені белгілі. Бірнеше күдікті тергелуде.

Жылқыға оқ атты деген күдіктілердің ішінде үйір бағылып жатқан жердің иелері де бар. Жылқышылардың айтуынша, жазда мал егістік алқапқа түсіп, арада дүрдараздық болған. Бұл соның кегі болуы да мүмкін дейді олар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.