Ақтауда салық төлеуден қашқан кәсіпкерлердің аты-жөні көшеге ілінуде
Ақтауда салық төлемей сараңдық танытқан кәсіпкерлерді бүкіл елдің алдында масқаралап жатыр. Қала көшелерінде қордаланған қарыздарын қайтаруға құлықсыз бизнесмендердің аты-жөндері жазылған банерлер пайда болды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.12.2015
Қазірдің өзінде әр қайсысында бес адамның тізімі бар 4 жарнама қалқаншалары тұр. Әр кәсіпкердің қарызы кемі 1 млн. теңгеге жуықтайды. Банерде олардың аты-жөндері, туған күні көрсетілген. Осылайша кіріс басқармасы ауқаттыларды ұялтып, берешектерін қайтаруды көздеп отыр. Мұндай қадамға баруларына қалталылардан тіпті сот арқылы да ақшаны өндіре алмаулары себеп болыпты. Тақтайшадағы адамдардың тізімі жиі жаңаланып тұрмақ. Өйткені бүгінгі таңда тек Ақтаудың өзінде 16 млрд.теңге қазынаға түспей жатыр.
Жасұлан Серік, Ақтау қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы басшысы:
-Билбордтарда аты мен тегін орналастыру арқылы ақшаларды өндіріп жатырмыз. Кешенің өзінде, бір күннің ішінде бір салық төлеуші 2 жарым млн теңгеге қарызын өтеді. Бұл жақсы нәтиже береді деген ойдамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!