{metadescription}
Қалың түскен қар бірнеше өңірдің тұрғындарын әбігерге салуда
Қалың түскен қар бірнеше өңірдің тұрғындарын әбігерге салуда

Қалың түскен қар бірнеше өңірдің тұрғындарын әбігерге салуда

Қалың түскен қар мен үскірік аяз бірнеше өңірдің тұрғындарын әбігерге салуда. Ақтүтек боранда жүздеген көлік қарға батып жолда қалып қойған.Түні бойы төтенше жағдай қызметкерлері кірпік ілмей соларды құтқарумен болды. Ал, кей аймақтарда керісінше күн күрт жылынып жер ми батпаққа айналған. Артынша дереу күн суытып, бұқара көктайғақтан зәрезап болып жатыр.  

Жамбылдағы боран бой беретін емес. Демалыс күндері елдің есін алған бұрқасын кеше түнде қайта айналып соқты. Қар түссе жағдайы ушығатын Жуалының асуындағы ахуал қиын. 80-нен асатын техинка жолда тұрып қалып, 160-қа жуық жолаушыға көмек көрсетілген.

Бораннан Өскемендегі негізгі бірнеше күре жолда да көлік қозғалысы сап тиылған. 130 жеңіл машина мен 6 автобус қар құрсауында қалды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің жол талғамайтын техникасы келгенше бәрі жіпсіз байланып отырған. Құтқарылғандар арасында жүкті әйел де бар. Ал, қысы қытымыр келетін Семейде керісінше сынап бағанасы 4 градус жылылықты көрсетіп тұр. Қар еріп, жер көктайғаққа айналған. Құлап жарақат алмас үшін бүгін мектептерде сабақтар тоқтатылды. 

Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

-Түскі сабақтардың бәрі тоқтатылды. Атап айтқанда, қала мектептерінің 1 мен 11 сыныптарына және бірінші мен екінші курс оқитын студенттеріне сабақ болған жоқ. Осы көктайғаққа байланысты.

Тіпті оқушылар үшін ұйымдастырылған жаңа жылдық шыршалар да кейінге қалды. Көктайғақ жолаушыларға да кесірін тигізуде. Себебі ушыққан жағдайға байланысты Семейден шығатын тас жолдың бәріне шектеу қойылды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде