{metadescription}
«Алаш автономиясының әскері» атты кітап шықты
«Алаш автономиясының әскері» атты кітап шықты

«Алаш автономиясының әскері» атты кітап шықты

Алаш әскерінің құрылған күнінде тарту етілген кітап. Бүгін Алматыда «Алаш автономиясының әскері» атты туынды жарыққа шықты.  

Осыдан 98 жыл бұрын, яғни 1917 жылдың желтоқсанында Орынбор қаласында қазақтың ұлттық-территориялық Алаш автономиясын және оның әскерін құру жайлы шешім қабылданған болатын. Ұзақ жылдар бойы Алаш тарихын зерттеп жүрген журналист Болат Мүрсәлім өзінің жаңа кітабында большевиктерден қазақ халқын қорғау үшін жасалған әс-әрекеттер жайлы жазған. Мәселен, 1917-20 жылдары 13 мың 500 адамнан тұрады деп жоспарланған милицияның, кейін тұрақты әскерге айналуы баяндалыпты. Сондай-ақ бұрын көпшілікке таныс бола қоймаған жаңа суреттер де бар.

Болат Мүрсәлім, кітап авторы:

-Аннинковтың атаманы, Колчактың және басқалардың қазақтарға жасаған қанқұйлы әрекеттерінен кейін қайтадан саяси таңдауды өзгертіп, не де болса осы больщевиктермен ымыраға келу жолында шешімге келеді. Міне кітапта сол дүниелер жан-жақты баяндалған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде