{metadescription}
Алматыда тылсым күш тұрғын үйдің суын тоқтатып тастаған
Алматыда тылсым күш тұрғын үйдің суын тоқтатып тастаған

Алматыда тылсым күш тұрғын үйдің суын тоқтатып тастаған

Тылсым күш тоқтатқан тіршілік нәрі! Алматыда жаңадан салынған тұрғынүй кешенінде ауыз судың болмау себебін коммуналдық компания тылсым күштермен байланыстырды. 5 мың тұрғынға қызмет көрсетіп отырған мекемедегілердің айтуынша, жеті қабат жер астында түсініксіз жайттар болып, салдарынан суды тоқтатуға тура келген. Тек тоғыз қабат төбеде тұрып жатқан жұрттың мұндай уәжге күлуге де шамасы болмай тұр.            

Вообще ешқандай су жоқ! Жуынатын, ішетін, туалетке ағызатын су жоқ.

Бұл Алматыдағы жұрт түгел көшіп үлгермеген жаңа кешен. «Асыл арман» деген аты болмаса, ауласы тура ауылдағыдай. Шелек көтергендер толып жүр. 

Ажар Селімбетова

- Туалет істемейді. Бәрі сасық үйдің іші. Не болады енді? «Асыл арман» деген атағын не қыламыз оның?

Көбің бұл пәтерлерге «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы таласып жүріп әрең қолы жеткен. Бірақ соның қызығын көре алмай отыр. Уақытылы тамақ та пісіре алмайды. Басқа да қиындықтар жетерлік.

Су зардабын тартқан жұрт қазір өз үйлерінде дұрыс дәретханаха да бара алмай жүр. Халық түз жағалап кетпесін деп уақытша мынадай дәретханалар қойылыпты. Иісі деген қолқаны қабады. Сасық иіс жайлағаны сонша, тұрғындар терезелерін қымтап ашпайтын болған.

Осылайша жұрт суды көшеден тасып қана қоймай, басқа тірлігін де тура аулада бітіріп жүр. Ал 5 мыңнан аса тұрғынды тарықтырып қойған коммуналдық компания бәріне кінәлі табиғаттың тылсым күштері деп отыр.      

Ерсайын Ешекенов, «Алатау Комсервис» ЖШС өкілі

-Табиғаттың ісі ғой енді адамның араласқан жұмысы емес. Адамның күшінен тыс нәрселер бұл. 02:43.39 Барлығы мүмкін.  – Мүмкін тылсым күш шығар жер астынан шыққан? – Мүмкін!

Тылсым күштің беті қашан қайтары белгісіз дейді мамандар. Сол себепті, су зардабын тартқан жұрт жаңа жыл түні де шүмектен қашан су шығар деп тосып отыруы әбден мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде